2009 жылға кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлері үшін бір жолғы талондар бағасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 113/15 шешімі. Павлодар облысы Ақсу қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 сәуірде N 108 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2010 жылғы 10 қаңтардағы N 1-07/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2010.01.10 N 1-07/4 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 428-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексін қолданысқа енгізу туралы" (Салық Кодексі) Заңының 36-бабының 6 тармағына сәйкес, 2009 жылдың 26 қаңтарында Ақсу қаласы бойынша Салық басқармасымен жүргізілген бір күндік хронометраждық бақылау мен зерттеулердің ортақ мөлшерінің көрсеткіштері негізінде, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласының ІІ және ІІІ-ші санаттағы базарларында қызмет көрсетуші және тауар сатушы адамдарға біржолғы талондар бағасы 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Қызметі эпизодты сипаттағы Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтардың және Ақсу кентінің тұрғындары үшін қызметтің жеке түрлері бойынша бір мезгілгі талондар бағасы 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 14 желтоқсандағы "2006 жылға кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлері үшін бір мезгілгі талондар бағасын белгілеу туралы" N 154/22 (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Реестірінде N 12-2-22 болып тіркелген, 2006 жылдың 01.01 күні қалалық "Ақжол - Новый путь" газетінің 1 нөмірінде жарияланған), 2006 жылғы 2 ақпандағы "Қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 14 желтоқсандағы "2006 жылға кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлері үшін бір мезгілгі талондар бағасын белгілеу туралы" N 154/22 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Реестірінде N 12-2-29 болып тіркелген, 2006 жылдың 16.03 күні қалалық "Ақжол - Новый путь" газетінің 12 нөмірінде жарияланған) N 170/24 шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күннен соң күшіне енеді.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың жоспар және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктеледі.

      Сессия төрағасы                            А. Титаренко

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                М. Омарғалиев

Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы
31 наурыздағы N 113/15 шешіміне
1 қосымша       

N р/с

Қызмет түрлері

Біржолғы талондық ставкасы (теңге)

1.

Сөреден сату (1 бастап 3 шаршы метрге дейін):
ет өнімдері
тағам өнімдері, сүттен басқа
сүт өнімдері
халық тұтынатын тауарлар
үш шаршы метрден артса, мөлшерлеме
әрбір артқан метрге


350
300
130
240
 
70

2.

Қолдан сату

140

3.

Қолдан жасалған тауарларды өткізу

30

4.

Қолданыста болған халық тұтынатын тауарларды өткізу (сантехника, электр құрлдары және басқалар)

50

5.

Аралас сауда (ұсталған және жаңа тауарлар)

100

6.

Көліктен сату (азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар)

350

7.

Сауда орнында дайындалатын өнімдерді өткізу:
шашлыктар
беляштар және самсалар

250
200

8.

Ет шабу қызметі

50

9.

Сауда орнына жүктерді жеткізу қызметі

50

10.

Сауда орнында дайын тағамдарды өткізу

30

11.

Шәй, кофе, шекілдеуік өткізу

30

12.

Қосалқы бөлшектерді, майларды, сұйықтықтарды, техникалық құралдарды, автокосметиканы және т.б.сату

210

Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы
31 наурыздағы N 113/15 шешіміне
1 қосымша          

N р/с

Қызмет түрлері

Біржолғы талондық ставкасы (теңге)

1.

Газет, журналдар өткізу

50

2.

Тұқым, отырғызылатын өсімдіктер (көшеттер)

100

3.

Бақша дақылдарын өткізу

200

4.

Саяжайда және үйдің жанында өсірілген гүлдерді өткізу

50

5.

Қосалқы ауыл шаруашылық, бау-бақша және саяжай учаскелері өнімдерін өткізу

50

6.

Зейнеткерлер мен мүгедектерге бау-бақша және саяжай учаскелері өнімдерін өткізу

10

7.

Жер учаскелерін өндеу бойынша жеке трактор иелерінің ауыл шаруашылығында пайдаланатын тіркеме жабдығы, мысалы шөпшапқыш, шөп жинағыш, жер қопсытқыш, су сепкіш сияқты құралдарды пайдаланумен жер өңдеу қызметі үшін

200

8.

Малдар мен құстарға жемдерді өткізу

100

9.

Сыпырғыштар, тоғай жидектерін, бал, саңырауқұлақтар және балықтарды өткізу

50

10.

Үй малдары мен құстарды жайған үшін

50

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады