Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін - жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар үйымдастыру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу калалық әкімдігінің 2009 жылғы 16 маусымдағы N 341/3 қаулысы. Павлодар облысы Ақсу каласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 шілдеде N 12-2-112 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі N 196/3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2010.04.06 N 196/3 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 120-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5-бабы 2 және 11 тармақтарына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жастар практикасына жұмысқа орналастыру - бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін - жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ретінде анықталсын.
      2. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Уәкілетті орган) еңбек рыногында қалыптасқан жағдайды және жұмыссыз жастардың құрамын ескере отырып, Жастар практикасына жіберу үшін бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының (бұдан әрі - Кәсіби оқу орындары) жұмыссыз түлектерінің санын анықталсын.
      3. Уәкілетті органға Жастар практикасын жеке меншік нысанына қарамастан, қаланың кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында (бұдан әрі - Жұмыс беруші) ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын (келісім бойынша). Уәкілетті орган Жұмыс берушілермен шарт негізінде өзара іс-қимыл жасайды. Шартта Жұмыс беруші жұмысқа қабылданатын жұмыссыздардың санын, мамандықтардың (кәсіптердің) тізімін, қажет болса қосымша кәсіби дайындығын, Жастар практикасына қатысушыларды олардың мамандықтарына сәйкес кәсіби біліммен, іскерлікпен және дағдымен қамтамасыз ету міндеттемелерін қарастырады. Жастар практикасы шеңберінде Кәсіби оқу орындарының түлектеріне - жұмыссыздарға уақытша жұмыс орындарын беруге тілек білдірген Жұмыс беруші Уәкілетті органмен тиісті шарт жасасады.
      4. Оқу орнын аяқтағаннан кейін алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ Кәсіби оқу орындарындағы түлектердің Жастар практикасына қатысуға құқығы бар.
      5. Жастар практикасын өткізу бойынша іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты, республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылады.
      6. Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақы төлемі нақты жұмыс істеген уақытына Уәкілетті органмен 15000 (он бес) мың теңге мөлшерінде жүргізіледі.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2009.10.28 N 656/6 қаулысымен.
      7. Ақсу қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы "Ақсу қаласында оқу орындарының түлектеріне арналған Жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" N 321/13 қаулысының (нормативтік - құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2821 тіркелген, "Ақжол - Новый путь" газетінде 2005 жылғы 07 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      8. Осы қаулы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасарлары Б.Ш. Ағжановқа және Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                 О. Қайыргелдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады