Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2010.04.06 N 196/3 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 120-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5-бабы 2 және 11-тармақтарына, "Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 1-тармағы 1.5 тармақшасына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жөніндегі шараларды кеңейту максатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 16 маусымдағы "Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін - жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы" N 341/3 қаулысына (нормативтік-құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-2-112 тіркелген, 2009 жылғы 22 шілдедегі N 53 қалалық "Ақжол – Новый путь" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
қала әкімдігінің көрсетілген қаулысының 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақы төлемі нақты жұмыс істеген уақытына Уәкілетті органмен 15000 (он бес) мың теңге мөлшерінде жүргізіледі".
2. Осы қаулы ол ресми жарияланған күннен кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасарлары Б.Ш. Ағжановқа және Е.М.Рахымжановқа жүктелсін.
Ақсу қаласының әкімі О. Қайыргелдинов