Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2011.01.06 N 1-34/8 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 120-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5-бабы 2 және 11-тармақтарына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жастар практикасына жұмысқа орналастыру – бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін – жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ретінде анықталсын.
2. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) еңбек рыногында қалыптасқан жағдайды және жұмыссыз жастардың құрамын ескере отырып, оларды Жастар практикасына жіберу үшін бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының (бұдан әрі – Кәсіби оқу орындары) жұмыссыз түлектерінің санын анықталсын.
3. Уәкілетті органға Жастар практикасын жеке меншік нысанына қарамастан, қаланың кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында (бұдан әрі – Жұмыс беруші) ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын (келісім бойынша). Уәкілетті орган Жұмыс берушілермен шарт негізінде өзара іс-қимыл жасайды. Шартта Жұмыс беруші жұмысқа қабылданатын жұмыссыздардың санын, кәсіптердің (мамандықтардың) тізімін, қажет болса қосымша кәсіби дайындығын, Жастар практикасына қатысушыларды олардың мамандықтарына сәйкес кәсіби біліммен, іскерлікпен және дағдымен қамтамасыз ету міндеттемелерін қарастырады. Жастар практикасы шеңберінде Кәсіби оқу орындарының түлектеріне - жұмыссыздарға уақытша жұмыс орындарын беруге тілек білдірген Жұмыс беруші Уәкілетті органмен тиісті шарт жасасады.
4. Оқу орнын аяқтағаннан кейін алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ Кәсіби оқу орындарындағы түлектердің Жастар практикасына қатысуға құқығы бар.
5. Жастар практикасын өткізу бойынша іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты, республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылады.
6. Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақы төлемі нақты жұмыс істеген уақытына Уәкілетті органмен 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде жүргізіледі.
7. Ақсу қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 16 маусымдағы "Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін - жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы" N 341/3 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-2-112 тіркелген, "Ақжол – Новый путь" газетінде 2009 жылғы 22 шілдеде жарияланған) және Ақсу қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 қазандағы "Ақсу қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 16 маусымдағы "Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін - жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы" N 341/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-2-121 тіркелген, "Ақжол – Новый путь" газетінде 2009 жылғы 23 желтоқсандағы жарияланған) N 656/6 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
8. Қала әкімдігінің осы қаулысы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасарлары Б.Ш. Ағжановқа және Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.
Қала әкімі О. Қайыргелдинов