Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы "Қала аумағы мен Ақсу қаласының әкімшілік бағынысындағы елді мекендер құрылысының Ережелері туралы" N 26/5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі N 134/17 шешімі. Павлодар облысы Ақсу қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 тамызда N 12-2-115 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы N 199/28 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 20.02.2014 N 199/28 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 25-бабының 3 тармағының 3) тармақшасы негізінде, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы "Қала аумағы мен Ақсу қаласының әкімшілік бағынысындағы елді мекендер құрылысының Ережелері туралы" N 26/5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-2-79 тіркелген, "Ақжол"-"Новый путь" газетінде 2008 жылдың 21 ақпанында N 9 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Ереженің 9 тармағы "жер телімдерін немесе жер телімдерін жалгерлікке беру құқығы (жаңа жер бөлу), Ақсу қаласы аумағында мемлекеттік меншікте тұрған және кәсіпкерлік қызмет объектілерін салу үшін жер учаскелеріне қарасты құқық заңнамамен белгіленген тәртіпте сауда–саттықта жүзеге асырылады" деген абзацпен толықтырылсын;
      Ереженің 51 тармағы алынып тасталсын;
      Ереженің 108 тармақтағы "сондай-ақ қолданылып жүрген автотұрақтардағы жаппаларды жайғастыруға" деген сөздер алынып тасталсын;
      Ереженің 114 тармақтағы "павильондардан басқасын" деген сөздерден кейін "және киосктер" деген сөзермен толықтырылсын, "газет және гүлдерді" деген сөздерден кейін "көкөніс және сүт өнімдерін сату үшін" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Сессия төрайымы                            Л. Мартынова

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады