Ақсу қаласы Айнакөл селолық округінің Сынтас, Көктас және Қарабай ауылдарындағы көшелерге атаулар беру туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы Айнакөл селолық округ әкімінің 2009 жылғы 22 қазандағы N 13 шешімі. Павлодар облысы Ақсу қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 желтоқсанда N 12-2-118 тіркелген

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8  желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес, Сынтас, Көктас және Қарабай ауылдары халқының пікірін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Мыналарға:
      Сынтас ауылындағы бірден қырық бесінші үйге дейінгі атауы жоқ көшеге "Алтынсарин" атауы;
      Көктас ауылындағы бірден отыз үшінші үйге дейінгі атауы жоқ көшеге "Достық" атауы;
      Көктас ауылындағы отыз төрттен жетпіс бесінші үйге дейінгі атауы жоқ көшеге "Еңбекші" атауы;
      Қарабай ауылындағы бірден отыз тоғызыншы үйге дейінгі атауы жоқ көшеге "Жағалау" атауы берілсін.
      2. Осы шешім ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Айнакөл селолық
      округінің әкімі                            А. Мүбәраков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады