Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 20.07.2012 N 843/7 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 14 шілдедегі "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларын әлеуметтік қорғау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркелімнің Тізілімінде N 12-3-197 тіркелген, 2008 жылғы 21 тамызда "Вести Экибастуза" N 34 газетінде және 2008 жылғы 14 тамызда "Отарқа" N 33 газетінде жарияланған) N 428/6 қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) келесі өзгеріс енгізілсін:
1) Қаулының екінші азат жолындағы 2 тармағы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А. А. Құрмановаға жүктелсін.
Екібастұз қаласының әкімі Н. Нәбиев