Жалға алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалануға жалға алу төлемін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 30 қарашадағы N 760/12 қаулысы. Павлодар облысы Екібастуз қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 желтоқсанда N 12-3-245 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 09 қыркүйектегі N 898/9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 09.09.2013 N 898/9 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылдың 20 тамызындағы "2008 - 2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын-үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы туралы" N 383 Жарлығы және Қазақстан Республикасы сауда индустриясы Министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі N 395 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік жалға берілген үйлерде өндіріліп алынған жалға алу төлемін есептеу әдістемесі негізінде, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бұхар жырау көшесі, 286 А мекенжайында орналасқан,  мемлекеттік тұрғын үй қорының ай сайын жалға берудің төлемі  белгіленген жалпы көлемде, бір шаршы метрге 45,68 теңге мөлшерінде белгіленсін.
      2. Алып тасталды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2012.01.30 N 142/2 (жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.В.Дычкоға жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі                  Н. Нәбиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады