Екібастұз қаласы әкімдігінің қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы N 142/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 наурызда N 12-3-321 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 09 қыркүйектегі N 898/9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 09.09.2013 N 898/9 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 3137-баптарына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" N 213 Заңының 21-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің қаулыларына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.В. Дычкоға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі                  А. Вербняк

Екібастұз қаласы әкімдігі
2012 жылғы 30 қаңтардағы
N 142/2 қаулысының   
қосымша       

      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы "Жалға алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану үшін жалға берудің төлемін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-208 тіркелген, 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 3 "Вести Экибастуза" және N 3 "Отарқа" газеттерінде жарияланған) N 725/11 қаулысына өзгеріс енгізілсін:
      2-тармағы алынып тасталсын.
      2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қарашадағы "Жалға алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану үшін жалға берудің төлемін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-245 тіркелген, 2009 жылғы 16 желтоқсандағы N 51 "Вести Экибастуза" және N 51 "Отарқа" газеттерінде жарияланған) N 760/12 қаулысына өзгеріс енгізілсін:
      2-тармағы алынып тасталсын.
      3. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы "Жалға алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану үшін жалға берудің төлемін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-3-251 тіркелген, 2010 жылғы 28 қаңтардағы N 5 "Вести Экибастуза" және N 5 "Отарқа" газеттерінде жарияланған) N 823/12 қаулысына өзгеріс енгізілсін:
      2-тармағы алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады