Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкім аппарат басшысының 2010.02.22 N 187/1-24 хатымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2002 жылғы 14 қарашадағы "Ветеринария саласындағы нормативтік – құқықтық актілерді бекіту туралы" N 639, 2002 жылғы 14 қарашадағы "Жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті ветеринарлық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережелерін бекіту туралы" N 367 бұйрықтарына сәйкес, әрі Екібастұз қаласының мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторының 2009 жылғы 19 қарашадағы ұсынысы негізінде, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласының Бәйет және Қоянды ауылдық округтеріндегі ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеулер алынып тасталсын.
2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылдың 17 қазанындағы "Екібастұз қаласының Бәйет және Қоянды ауылдық округтеріндегі ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеулерді алып тастау туралы" (нормативті - құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде N 12-3-206 нөмірмен тіркелген, "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде 2008 жылдың 27 қарашасындағы 48 нөмірінде жарияланған) N 609/9 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.М.Күлжанға жүктелсін.
Екібастұз қаласының әкімі Н. Нәбиев
Келісілді:
Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы Министрлігі
агроөнеркәсіп кешеніндегі
мемлекеттік испекция Комитетінің
Екібастұз қалалық аумақтық
басқармасының бастығы
2009 жылғы 25 қараша Т. Жәкенов