Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабының 4-тармақшасына сәйкес, тұрғындардың және Екібастұз қаласы әкімдігі қоғамдастығының пікірін ескере келе, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Екібастұз қаласының Ленин көшесі Мәшһүр Жүсіп көшесіне қайта аталсын.
2. Нақты шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі Н. Нәбиев
Сессия төрағасы Э. Абдинов
Қалалық мәслихат хатшысы Ғ. Балтабекова