Жалаулы селолық округі Қарасу, Балтасап ауылдарындағы аты жоқ көшелерге атаулар беру туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жалаулы селолық округ әкімінің 2009 жылғы 9 желтоқсандағы N 5 шешімі. Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 желтоқсанда N 12-4-73 тіркелген

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы, 4 тармағына сәйкес және Қарасу мен Балтасап ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Қарасу ауылындағы атауы жоқ көше "Степная" көшесі деп аталсын.
      2. Балтасап ауылындағы атауы жоқ N 1 көше "Победы" көшесі деп аталсын;
      Балтасап ауылындағы атауы жоқ N 2 көше "Школьная" көшесі деп аталсын;
      Балтасап ауылындағы атауы жоқ N 3 көше "Садовая" көшесі деп аталсын.
      3. Жалаулы селолық округі әкімінің 2009 жылғы 23 қарашадағы N 4 "Жалаулы селолық округі Қарасу, Балтасап ауылдарындағы аты жоқ көшелерге атаулар беру туралы" шешімінің күші жойылсын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы шешімнің орындалуын өзім бақылаймын.

      Жалаулы селолық
      округінің әкімі                            Х. Ахтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады