Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы "Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыс түрлері және оларды ұйымдастыру туралы" N 349/13 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 11 ақпандағы N 48/1 қаулысы. Павлодар облысы Железин ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 18 ақпанда N 67 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 22 мамырдағы N 194/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2012.05.22 N 194/5 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру шаралары туралы" N 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелеріне сәйкес, жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2011.11.28 N 404/11 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы "Аудандық  бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыс түрлері және оларды ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-6-49 болып тіркелген, 2008 жылғы 19 қаңтардағы N 3 аудандық "Родные просторы" газетінде жарияланған) N 349/13 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген аудандық бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар түрлерінің Тізбесінде:
      "жалғыз басты қарт азаматтарға және мүгедектерге көмек көрсету және күтім жасау" абзацы мынадай жаңа редакцияда жазылсын: "жалғыз басты қарттарға және күтімді қажет ететін мүгедектерге көмек көрсету";
      "атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды ресімдеуде, учаскелік комиссияның техникалық жұмысын жүргізу, тұрғындарды құжаттандыру (коммуналдық кәсіпорындар арқылы келісім бойынша)" абзацы  алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "құрылысы аяқталмаған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін күзету"
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.М. Қаппасовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж. Шугаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады