Железин ауданы әкімдігінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 28 қарашадағы N 404/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 30 желтоқсанда N 12-6-129 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестікке келтірумен байланысты аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Железин ауданы әкімдігінің қаулыларына осы қаулыға қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      Железин ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 3 наурыздағы "Железин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 мамырдағы "Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы" N 148/4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" N 72/3 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне N 12-6-107 болып тіркелген, 2011 жылғы 9 сәуірдегі N 15  "Родные просторы" газетінде жарияланған);
      Железин ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 3 тамыздағы  "Миссионерлерді және заңды тұлға белгiлерi жоқ саны аз дiни топтарды есептік тiркеуді және қайта тiркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" N 263/8 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне N 12-6-116 болып тіркелген, 2011 жылғы 17 қыркүйектегі N 38 "Родные просторы" және N 12 "Туған өлке" газетінде жарияланған).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына (Қ.Б. Қималиденов) жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж. Шұғаев

Павлодар облысы Железин  
ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 
28 қарашадағы N 404/11 қаулысына
қосымша          

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
Железин ауданы әкімдігі қаулыларының ТІЗБЕСІ

      1. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы "Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыс түрлері және оларды ұйымдастыру туралы" 349/13 қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне N 12-6-49 болып тіркелген, 2008 жылғы 19 қаңтардағы N 3 "Родные просторы" газетінде жарияланған):
      кіріспесінде "жергілікті мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 11 ақпандағы "Аудан әкімдігінің  2007 жылғы 24 желтоқсандағы "Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыс түрлері және оларды ұйымдастыру туралы" N 349/13 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" N 48/1 қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне N 12-6-67 болып тіркелген, 2009 жылғы 28 ақпандағы N 9 "Родные просторы" газетінде жарияланған):
      кіріспесі "жергілікті мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын.
      3. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 20 мамырдағы "Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы" N 148/4 қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне N 12-6-73 болып тіркелген, 2009 жылғы 30 мамырдағы N 22 "Родные просторы" газетінде жарияланған):
      кіріспесінде "18-1-бабының 4-тармағына" деген сөздер алып тасталсын;
      23-тармақтары алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады