Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ертіс аудандық әкім аппараты басшысының 2010.04.13 N 2-24-427 хаты).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңына, "Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына сәйкес, 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" N 371 Қаулысы, 2005 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдары туралы ережені бекіту туралы" N 1232 дсп Қаулысы негізінде, ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 1993 жылы туған азаматтарды әскерге жазуды "Павлодар облысы Ертіс ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (бұдан әрі – ҚІБ) мемлекеттік мекеменің шақыру учаскесіне 2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында өткізілу шараларының ұйымдастыруын қамтамасыз етсін.
2. Бұрын қабылданған 2008 жылғы 17 қарашасындағы "1992 жылы туған азаматтардың жазуын өткізу туралы" N 16 шешімі (Мемлекеттік тізімдегі нормативтік құқықтық акетілер реестірлері 2008 жылдың 3 желтоқсандағы МТН 12-7-79 тіркелген) күші жойылсын деп танылсын.
3. Шешім ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Тілеуоваға және ҚІБ бастығына А.К.Саринге жүктелсін.
Аудан әкімі В. Левченко
Келісілді
Ертіс ауданының ҚІБ бастығы
2009 ж. 21 желтоқсан А. Сарин