Бастауыш, орта және жоғары кәсібі білім беретін оқу орындарының түлектері - жастарды әлеуметтік корғау жөніндегі қосымша шараларды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 22 маусымдағы N 188/5 қаулысы. Павлодар облысы Качир ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 3 шілдеде N 12-8-73 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 15 маусымдағы N 228/11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 15.06.2012 N 228/11 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 17 мамырдағы Еңбек кодексінің 120-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5-бабы 2),11)-тармақшаларына сәйкес, тұрғындарды жұмыспен қамтуда жәрдемдесу жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жастарды – бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шарасы ретінде – Жастар практикасына жұмысқа орналастыру болып белгіленсін.

      2. "Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Өкілетті орган) еңбек нарығында пайда болған жағдайды және жұмыссыз жастардың құрамын ескере отырып, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беретін оқу орындарының (бұдан әрі – Кәсіптік оқу орындары) түлектерін Жастар практикасына жіберу үшін олардың санын белгілейді.
      3. Өкілетті органға меншік нысанына қарамастан (келісім бойынша) ауданның кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында (бұдан әрі – Жұмыс беруші) Жастар практикасын өткізуді ұйымдастыру ұсынылсын. Өкілетті орган Жұмыс берушілермен келісім шарт негізінде әрекеттеседі. Келісім шартта жұмысқа қабылданатын жұмыссыздар санын, Жұмыс беруші қызметке қабылдайтын кәсіптер (мамандықтар) тізбесін, қажетті жағдайда қосымша кәсіптік дайындықты, Жастар практикасы қатысушыларын мамандықтарына сәйкес кәсіртік білім, іскерлік пен дағдылармен қамтамасыз ету міндеттемелерін көздейді.
      Жастар практикасы шеңберінде жұмыссыздарға – кәсіптік оқу орындарының түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген Жұмыс беруші Өкілетті органмен тиесілі келісім шарт жасайды.
      4. Алған мамандығы бойынша тәжірибесі жоқ кәсіптік оқу орындарының түлектері оқуын аяқтағаннан кейін 12 ай ішінде Жастар практикасына қатысуға құқығы бар. Жастар практикасын өту мерзімі алты айдан аспау қажет.
      5. Жастар практикасын өткізу бойынша іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджеттің қаражаты, республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері есебінен жүргізіледі.
      Жастар практикасына қатысушылардың еңбегіне төлеу Өкілетті органмен нақтылы істелінген уақыт үшін ағымдағы жылға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең аз еңбек ақының мөлшерде жүргізіледі.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      7.пОсы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.  Мардановаға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Б. Бақауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады