Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2010.01.22 N 5/1 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 ақпандағы "2009 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 20/2 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізілімінде N 12-9-86 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 наурызда аудандық "Аққу үні" газетінің N 22-23 санында жарияланған) қаулысымен бекітілген, Лебяжі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 шілдедегі "Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 17 ақпандағы "2009 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 20/2 қаулысына толықтыру енгізу туралы" N 118/8 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізілімінде N 12-9-95 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 тамызда аудандық "Аққу үні" газетінің N 68 санында жарияланған) толықтырулар енгізілген қаулысымен ауданның жекелеген санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем тағайындау туралы Нұсқаулыққа мынадай толықтырулар енгізілсін:
Нұсқаулықтың 2-тармағы келесі мазмұндағы 33)-шағын тармақшамен толықтырылсын:
Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер, Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңестірілген тұлғалар (Семей ядролық сынақ полигонына қатысушылар), кәмелетке толмаған концлагер тұтқындары, колледж және жоғарғы оқу орындарының студенттерінің арасындағы тұл жетім мен ата-ана қамқорынсыз қалған жетім балалар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылары, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушы отбасының балалары, бір және одан көп мүгедектері бар отбасылары, 2010 жылғы облыстық және аудандық газеттерге жазылуға;
Нұсқаулықтың 4-тармағы келесі мазмұндағы 22)-шағын тармақшамен толықтырылсын: 2-тармақтың 33)- тармақшасында көрсетілген санаттарға - өтініш, жеке куәлігінің көшірмесі, СТН көшірмесі, ӘЖК көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, тұлғасын растайтын анықтама көшірмесі, "Казпочта" АҚ-да ашылған жеке шотының көшірмесі;
4-тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22)-тармақшаларындағы қажетті құжаттар тізбесіне (ӘЖК) әлеуметтік жеке коды қосылсын.
2. Бұл қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ө. Сағандықовқа жүктелсін.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б. Байжанов