Жер салығының ставкаларын бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 8/10 шешімі. Павлодар облысы Лебяжі ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 сәуірде N 89 тіркелген

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" кодексінің 387 бабы 1 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жер салығының ставкалары Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексінің 378379381383, баптарымен белгіленген жер салығының ставкаларынан 50 пайызға жерлердің келесі санаттары бойынша жоғарлатылсын:
      1) ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге;
      2) жеке тұлғаларға берілген ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге;
      3) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда);
      4) елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне.
      2. Аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 15 қаңтардағы "Жер салығының ставкаларын бекіту туралы" N 4/17 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1614 тіркелген, аудандық "Аққу үні" газетінде 2003 жылдың 12 ақпанда жарияланған) күші жойылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау мәслихаттың бюджеттік саясат, әлеуметтік сала, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            А. Шаймарданов

      Аудандық  мәслихат                         М. Смагұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады