Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2010.01.22 N 5/1 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағына 14-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына, 20-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен "Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерінің" 8- тармағына сәйкес, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыс ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Лебяжі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 ақпандағы "2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 18/2 (нормативтік - құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-9-87 болып тіркелген, "Аққу үні" газетінің 2009 жылғы 25 маусымдағы N 51-52 (7342) санында жарияланған) қаулысымен бекітілген ұйымдар тізбесіне, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері және нақты талаптарына, қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбекақы мөлшелері және оның қаржыландыру көздеріне, қоғамдық жұмыс сұранымы мен ұсынысына келесі өзгерістер енгізілсін:
12, 13, 14, 16 - тармақтардағы кәсіпорындар мен ұйымдар тізбелері алынып тасталсын.
2. Бұл қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ө. Сағандықовқа жүктелсін.
Аудан әкімі С. Әпсалықов