1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май ауданы әкімінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы N 09 шешімі. Павлодар облысы Май ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 қаңтарда N 12-10-91 тіркелген

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына   сәйкес және 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
      1. Май ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі ((С. Бектеміров) келісім бойынша) он жеті жасқа толатын азаматтарды 2010 жылғы қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеу жұмысын жүргізсін.
      2. Май аудандық орталық аурухананың бас дәрігері ((Б. Қазбеков) келісім бойынша) азаматтарды дәрігерлік тексеру кезеңінде:
      1) ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімін қажет маман-дәрігерлермен қамтамасыз етсін;
      2) медициналық комиссияның қосымша тексеруге жіберілген азаматтарды қабылдау үшін стационарда жату-орындарын, амбулаториялық, стационарлық тексеруден өтулерін ұйымдастырсын;
      3) азаматтарға барлық вакцинация егу түрлері жүргізілсін;
      4) ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне қажетті дәрі-дәрмектер, құрал – жабдықтар, мүліктер бөлсін;
      5) тіркеу қорытындысы бойынша ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен түскен N 1, N 2 тізімдердегі әскерге шақырылушылардың емделуін бақылауға алып, оның нақты орындалуы туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарласын.
      3. Ауыл және селолық округ әкімдері азаматтардың шақыру учаскесіне мінездемесімен, отбасы туралы анықтамасымен, жұмыс, оқу орнынан анықтамасымен, білімі жөніндегі құжатының көшірмесімен, 6 дана 3х4 фотосуреттерімен келуін қамтамасыз етсін.
      4. Аудан әкімі аппаратының басшысы (А. Байғалиев) азаматтарды тіркеу шараларын мерзімді, сапалы түрде жүргізу және құжаттарымен жұмыс істеу үшін Май ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімін 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында екі техникалық қызметкермен қамтамасыз етсін.
      5. Май ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы ((Т. Андасов) келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында полиция қызметкерін бөлсін.
      6. Май аудандық қаржы бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы (Ғ. Мұқатаева), аудан әкімі аппаратының басшысы (А. Байғалиев) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмысын қамтамасыз етуге байланысты ауданның қорғаныс істері жөніндегі есебі бойынша қаржы бөлсін.
      7. Азаматтарды селолық округтерден тіркеу учаскесіне және тексерілуге медициналық мекемелерге жеткізу шараларын қамтамасыз ету үшін аудан әкімі аппараттың басшысы (А. Байғалиев) автокөлікті жалға алу туралы келісімшарт жасасын.
      8. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа еңгізіледі.
      9. Осы шешімнің орындалуын бақылауды жасау өзіме қалдырамын.

      Аудан әкімі                                Е. Әйткенов

      Келісілді:

      2009 жылғы 21 желтоқсан
      Май ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімінің
       бастығы, майор                            С. Бектеміров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады