Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2010.02.18 N 19/2 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 19 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекiтiлген Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес және еңбек нарығында жұмыссыздардың қабiлеттiн жоғарту және жұмыспен қамтуға жәрдем ету мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiмен (С.И. Мұқатаев) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру үшін 65 жұмыссыз, оның iшiнде 10 жұмыссыз аудан бюджетiнен оқытылсын.
2. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттырумен тікелей байланысты шығындар "Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау" 101 кіші бағдарламасы, "Жұмыспен қамту" 002 бағдарламасына сәйкес қаржыландырады.
3. Аудандық қаржы бөлiмi (Ә.Қоңыржанов) жергiлiктi бюджеттен бөлiнген қаражаттың шегiнде табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру үшiн қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн.
4. Ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен кейін қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Е. Айткуловқа жүктелсiн.
Аудан әкiмiнің міндетін атқарушы Т. Сарин