Ауданда 2009 жылы қоғамдық жұмыстар өткізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 4/1 қаулысы. Павлодар облысы Павлодар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 3 ақпанда N 105 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2010.01.18 N 1/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2010.01.18 N 1/1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001  жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабы 1 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекiтiлген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерiне сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмi кәсiпорындар мен ұйымдармен жасасқан шарттар бойынша 200 адам үшiн қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2009 04.13 N 76/4 қаулысымен.
      2. Қоғамдық жұмыстар өтетiн аудан ұйымдары мен кәсiпорындарының тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлері, қаржыландыру көлемі мен көздері қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      3. Тұрғындардың мақсатты топтағы асырауында төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы аналар, үшінші топтағы мүгедектер, медициналық – бақылау комиссиясының әлеуметтiк сараптамасы анықтамасы бойынша еңбекте шектеулерi бар азаматтар арасындағы жұмыссыздар үшiн еңбек ақысын толық төлеумен 36-сағаттық жұмыс аптасы және икемдi жұмыс кестесi қарастырылсын.
      4. Үшінші топтағы мүгедектер және медициналық – бақылау комиссиясының әлеуметтiк сараптамасы анықтамасы бойынша еңбекте шектеулерi бар азаматтар арасындағы жұмыссыздар денсаулық жағдайларына сәйкес, медициналық мекеме ұсынатын жұмыс түрлерi бойынша қоғамдық жұмыстарға жiберiлсiн.
      5. Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздарға төлемақы Қазақстан Республикасының 2008 жылы 4 желтоқсандағы "2009 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңымен бекiтiлген ең төмен айлық еңбекақыдан кем емес мөлшерде белгiленсiн.
      6. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың көлемi 2009 жылға бекiтiлген аудан бюджетiне сәйкес 002 100 "Қоғамдық жұмыстар" кiшi бағдарламасы бойынша анықталсын.
      7. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде  N 12-11-88 тіркелген, 2008 жылғы 7 ақпандағы N 6 (7658) "Нива" газетінде жарияланған, аудан әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 21 қаңтардағы "2008 жылы қоғамдық жұмыстар өткiзу туралы" N 16/1 қаулысының, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 19-11-96 тіркелген, 2008 жылғы 29 мамырдағы N 22 (7674) "Нива" газетінде жарияланған аудан әкімдігінің 2008 жылғы 5 мамырдағы 197/5 "Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 21 қаңтардағы N 16/1 "Аудан 2008 жылы қоғамдық жұмыстарды өткізу туралы қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының күшi жойылған деп саналсын.
      8. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Р. Ш. Шәмкеноваға жүктелсiн.

      Аудан әкімі                                Т. Бастенов

Павлодар ауданы әкiмдiгiнiң
2009 жылғы 13 қаңтардағы N 4/1
қаулысына қосымша   

Қоғамдық жұмыстар өтетiн аудан ұйымдары мен
кәсiпорындарының тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлері,
қаржыландыру көлемі мен көздері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2009 04.13 N 76/4 қаулысымен; өзгерту  енгізілген 2009.09.04 N 250/9 қаулысымен.

N п/п Ұйымдар мен кәсіпорындардың атауы Қоғамдық жұмыстардың түрлері Жұмыс көлемі (млн. теңге) Жұмыс орындарының саны, адамдар Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

1

"Павлодар ауданы Пресное ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

1. Елді мекендер аумақтарын, қар бұрқасындарын қолмен жинау, көк тайғақпен күрес. Қоқыс шығару, ескі құрылыстарды бұзу.
 
 

 
2. Әлеуметтік-мәдени объектілерді қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстарында көмек көрсету.
 
 
 
 
3. Тарихи және мәдениет ескерткіштерін, кешендер мен қорықтарды, қалпына келтіру жұмыстарында көмек көрсету.
 
 
 
4. Аймақтарды экологиялық сауықтандыру: көгалдандыру, аумақтарды көріктендіру, көктемде, күзде ағаш отырғызу, жасыл ағаштарға жазда су құю.
 
 
 
 
5. Мәдени ауқымды іс-шараларды ұйымдастыру, спорт жарыстарын, спартакиадаларды, фестивальдерді өткізу жұмыстарына көмек көрсету.
 

 
 
6. Ауыл тұрғындарын, қосалқы шаруашылықтарды (мал, құс) есепке алуға көмек көрсету.


 
 
7. Учаскелік комиссияларға құжаттарды ресімдеу, үйлерді және аулаларды аралауға көмек көрсету.

 
 
8. Ауылшаруашылық зиянкестерімен күрес жөніндегі маусымдық науқандарға қатысу.
 
 

 
9. Болуы ықтимал Болуы ықтимал инфекция ауруларының ошақтарын жоюға көмек беру (ит ұстау, кеміргіштерді жою, малды вакциналау).
 

 
 
 
10. Құжаттарды ресімдеу кезінде көмек көрсету (қайта тіркеу, құжаттарды айырбастау жөніндегі компаниялар)

0,419

11

Аудандық бюджет

2

"Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

0,335

9

Аудандық бюджет

3

"Павлодар ауданы Ефремовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

0,419

11

Аудандық бюджет

4

"Павлодар ауданы Жетекші әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

0,377

10

Аудандық бюджет

5

"Павлодар ауданы Заря ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

0,671

17

Аудандық бюджет

6

"Павлодар ауданы Занғар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

0,227

8

Аудандық бюджет

7

"Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

0,671

17

Аудандық бюджет

8

"Павлодар ауданы Красноармейка округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

0,629

17

Аудандық бюджет

9

"Павлодар ауданы Луганск ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

0,335

10

Аудандық бюджет

10

"Павлодар ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

0,335

9

Аудандық бюджет

11

"Павлодар ауданы Ольгинка ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

0,255

9

Аудандық бюджет

12

"Павлодар ауданы Рождественка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

0,377

10

Аудандық бюджет

13

"Павлодар ауданы Маралды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

0,419

11

Аудандық бюджет

14

"Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

0,629

16

Аудандық бюджет

15

"Павлодар ауданы Черноярка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

0,335

9

Аудандық бюджет

16

"Павлодар ауданы Шакат ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме

0,503

13

Аудандық бюджет

17

Павлодар ауданы әкімдігінің, Павлодар ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны "Коммунальщик"

0,293

9

Аудандық бюджет

18

"Жер қатынастары бөлімі" Мемлекеттік мекеме

Құжаттарды ресімдеу кезінде көмек көрсету (қайта тіркеу, құжаттарды айырбастау жөніндегі компаниялар)

0,84

2

Аудандық бюджет

19

Алынып тасталды - Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2009.09.04 N 250/9 қаулысымен.


Жиыны:


7397,0

200


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады