Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы "Ауданда 2009 жылғы қоғамдық жұмысты өткізу туралы" N 4/1 қаулысына өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі N 250/9 қаулысы. Павлодар облысы Павлодар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 қыркүйекте N 12-11-113 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 11 наурыздағы N 52 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Павлодар аудандық әкімдігінің 2011.03.11 N 52 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмысты ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесінің 8 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылғы 6 ақпандағы "Нива" газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіміне N 12-11-105 тіркелген аудан әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы "Ауданда 2009 жылғы қоғамдық жұмысты өткізу туралы" N 4/1 қаулысы, 2009 жылғы 8 мамырдағы "Нива" газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіміне N 12-11-108 тіркелген аудан әкімдігінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі "Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы "Ауданда 2009 жылғы қоғамдық жұмысты өткізу туралы" N 4/1 қаулысына өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы" N 76/4 қаулысына енгізілген өзгерту мен толықтыруларына, келесі өзгерту енгізілсін:
      қоғамдық жұмысты қаржыландыру көзі және көлемдері, түрлері қоғамдық жұмысты өткізетін ұйымдар мен кәсіпорындар тізімінен:
      19 тармағын шығарылсын.
      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Ш. Шамкеноваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Т. Бастенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады