Біржолғы талондардың құнын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 шілдедегі N 13/116 шешімі. Павлодар облысы Павлодар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 7 тамызда N 12-11-112 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 қаңтардағы N 12/85 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 23.01.2013 N 12/85 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес, Павлодар ауданының Салық басқармасы жүргізген орташа күндік хронометраждық байқау мен зерттеу деректері негізінде, аудандық мәслихат ШЕШІМ етеді:
      1. 1 қосымшаға сәйкес қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын  жеке тұлғалар көрсететін қызметі үшін біржолғы талондардың құны белгіленсін.
      2. 2 қосымшаға сәйкес Павлодар аудандық мәслихаттың бірқатар шешімдерінің күші жойылсын деп есептелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі, азаматтардың өтініштері, аграрлық саясат және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            С. Абдуллин

      Мәслихат хатшысы                           Т. Қожахметов

Павлодар аудандық мәслихатының
(4 шақырылған 13 сессиясының)
2009 жылғы 30 шілдедегі 
N 13/116 шешіміне  
1 қосымша        

Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын жеке тұлғалар
көрсететін қызметі үшін біржолғы талондардың құны

NN
пп

Кәсіпкерлік қызметінің түрі

Өлшем бірлігі

Бір жолғы талонның 1 күнге құны (теңге)

1.

Газеттер мен журналдар


50

2.

Тұқымдар, сондай-ақ отырғызылатын материалдар


100

3.

Бақша дақылдары


100

4.

Табиғи гүлдер


80

5.

Қосалқы ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығының, бағбандық, бақшашылық мен саяжай учаскелерінің өнімдері


100

6.

Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі


200

7.

Үй жануарлары мен құстарды бағу



7.1

Үй жануарлары мен құстарды бағу

100 басқа дейін

50

7.2

Үй жануарлары мен құстарды бағу

100 бас және одан жоғары

70

8.

Жануарлар мен құстардың жемдерін өткізу


160

9.

Сыпыртқыны өткізу


60

10.

Орман жидегін, балды, саңырауқұлақ және балықтарды өткізу


60

Павлодар аудандық мәслихатының
(4 шақырылған 13 сессиясының)
2009 жылғы 30 шілдедегі 
N 13/116 шешіміне  
2 қосымша      

Павлодар аудандық мәслихатының күші
жойылған шешімдерінің ТІЗБЕСІ

      1. Павлодар аудандық мәслихаттың (2 шақырылған 12 сессиясы) 2002 жылғы 13 ақпандағы "Бір жолғы талондардың құнын және кәсіпкерліктің жекелеген түрлері бойынша тіркелген жиынтық салықтың мөлшерлерін бекіту туралы" N 9-12 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1123 болып тіркелген, 2002 жылғы 30 мамырда "Нива" газетінде жарияланған).
      2. Павлодар аудандық мәслихаттың (3 шақырылған 5 сессиясы) 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 5/25 "Павлодар аудандыұ мәслихаттың (2 шақырылған 12 сессиясы) 2002 жылғы 13 ақпандағы "Бір жолғы талондардың құнын және кәсіпкерліктің жекелеген түрлері бойынша тіркелген жиынтық салықтың мөлшерлерін бекіту туралы" N 9-12 шешіміне  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2414 болып тіркелген, 2004 жылғы 6 мамырда "Нива" газетінде жарияланған).
      3. Павлодар аудандық мәслихаттың (3 шақырылған 13 сессиясы) 2005 жылғы 18 наурыздағы N 13/69 "Павлодар аудандық мәслихаттың (2 шақырылған 12 сессиясы) 2002 жылғы 13 ақпандағы "Бір жолғы талондардың құнын және кәсіпкерліктің жекелеген түрлері бойынша тіркелген жиынтық салықтың мөлшерлерін бекіту туралы" N 9-12 шешіміне  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3011 болып тіркелген, 2005 жылғы 5 мамырда "Нива" газетінде жарияланған).
      4. Павлодар аудандық мәслихаттың (3 шақырылған 27 сессиясы) 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 27/161 "Павлодар аудандық мәслихаттың (2 шақырылған 12 сессиясы) 2002 жылғы 13 ақпандағы "Бір жолғы талондардың құнын және кәсіпкерліктің жекелеген түрлері бойынша тіркелген жиынтық салықтың мөлшерлерін бекіту туралы" N 9-12 шешіміне  толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-11-34 болып тіркелген, 2006 жылғы 28 желтоқсанда "Нива" газетінде жарияланған).
      5. Павлодар аудандық мәслихаттың (3 шақырылған 22 сессиясы) 2006 жылғы 21 наурыздағы "Үй жануарлары мен құстарды бағу, жануарлар мен құстардың жемдерін, сыпыртқы, орман жемістерін, балды, саңырауқұлақ пен балықтарды өткізу үшін берілетін бір жолғы талондардың құны туралы" N 22/119 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-11-24 болып тіркелген, 2006 жылғы 6 сәуірде "Нива" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады