"2009 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем туралы" нұсқауды бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы N 38/1 қаулысы. Павлодар облысы Успен ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 ақпанда N 63 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 1-19/296 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2010.04.15 N 1-19/296 хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының, 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне, қатысушыларға және оларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы" Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 бабының, 1 тармағының, 3 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" N 754 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "2009 жылы аудан азаматтары 2009  жылы жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем туралы" нұсқау бекітілсін (бұдан әрі – Нұсқау).
      Ескерту: 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2009 03.13 N 73/3 қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Аудан әкімі                                Н. Әутәліпов

Успен ауданы әкімдігінің  
2009 жылғы 27 қаңтардағы N 38/1
қаулысымен бекітілді     

Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына арналған
әлеуметтік төлемдер туралы нұсқау 1. Жалпы ережелер

      1. Осы нұсқау Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектерді және оларға теңестірілгендерді әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі "Мүгедектерді сауықтырудың кейбір мәселелері туралы" N 754 қаулысына cәйкес жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша аудан азаматтарының жекелеген санаттарына арналған әлеуметтік төлемдерді төлеудің тәртібін нақтылайды.

2. Жекелеген әлеуметтік төлемге құқығы
бар азаматтардың санаттары

      2. Жекелеген әлеуметтік төлемдер алуға мына азаматтардың құқықтары бар:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары (бұдан әрі – ҰОС), 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейін кем дегенде 6 ай жұмыс істеген азаматтар және ҰОС жылдары тылда әскери қызмет және еңбегі үшін КСР Одағының медалімен және ордендерімен марапатталмаған тұлғалар, қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдері, ауған соғысына қатысқандар, Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюға қатысқандар, жеңілдік және кепілдік бойынша ҰОС қатысушылармен теңестірілгендер;
      2) кірісі бекітілген кедейшілік деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтар, тұрғындардың мақсатты тобына жататындарға емделу үшін;
      3) тұрғындардың мақсатты тобына жататын аз қамтылған азаматтар, "Батыр Ана" атағы бар көп балалы аналар, 3 топтағы мүгедектер, жоғары оқу орнын (бұдан әрі – ЖОО) және орта оқу орнын 2008-2009 жылдары бітірген жас мамандарға орналасуға және жеке ауланы дамытуға;
      4) жұмыссыздар санатындағы отбасынан қайтыс болғандарға жерлеу үшін;
      5) 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалы аналар көмір алу  үшін;
      6) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар;
      7) күтпеген тосын жағдайдан күн көріс қаражатынсыз қалған азаматтар;
      8) әлеуметтік көмек бөлімі қызмет жасайтын жалғыз басты мүгедектер;
      9) отбасының кірісі бекітілген кедейлік шегінен аспайтын аз қамтамасыз етілген азаматтарға құжат алу үшін;
      10) зейнет жасындағы "Ауданның құрметті азаматы" атағы бар және ауылдық жерде тұратын азаматтарға көмір алу үшін;
      11) 2008 - 2009 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында әскери қызметін өтеп келгендер;
      12) жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      13) Қазақстан Республикасы аумағынан квота бойынша тыс жерде медициналық мекемелерде тексеруден өткен және сырқаттарды емдеу үшін;
      14) ҰОС мүгедектері, қатысушылары; Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы алатын зейнеткерлер; облыс алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы алатын зейнеткерлер; ЧАЭС апатының салдарын жоюға қатысқандар, Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің аналары әр тоқсан сайын облыс орталығына барып-қайту жолына;
      15) ҰОС қатысушылары және мүгедектері дәрі-дәрмек алуға;
      16) мемлекеттік білім грантына конкурстан өте алмаған, облыс әкімінің грантымен оқитын аз қамтамасыз етілген отбасы студенттері және жетім студенттер, жылына екі рет оқу сессиясының нәтижесі бойынша оқудан шығарылған студенттің орнына осы оқу орнында оқитын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың оқу ақысын төлеу; жоғары оқу орындарында оқу үшін ауданда қажет мамандарға оқып жатқан студенттер, ауданның медициналық мекемелеріне жаңадан келген дәрігерлерге біркелкі материалдық көмек;
      17) мүгедек балалар;
      18) амбулаторлық емделудегі туберкулез ауруына шалдыққандарды тамақтандыруға 3 АЕК көлемінде 6 айдан кем емес және туберкулезге қарсы мекемелерге бару жолына;
      19) онкологиялық ауруына шалдыққандарды тамақтандыруға;
      20) ҰОС мүгедектері,қатысушылары және оларға теңестірілгендерге тіс салуға;
      21) облыс әкімінің гранты бойынша оқитын студенттердің тұруына жол ақысына;
      22) ЧАЭС апатының салдарын жоюға, Ауған соғысына қатысқандарға денсаулықтарын сауықтыру үшін;
      23) 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейін кем дегенде 6 ай жұмыс істеген азаматтар және ҰОС жылдары тылда мінсіз әскери қызмет және жан қиярлық еңбегі үшін КСР Одағының медалімен және ордендарымен марапатталмаған тұлғаларға біркелкі жәрдемақы үшін;
      24) соғысқа қатысқандар, мүгедектер және оларға теңестірілгендер, ҰОС қатысушыларының және ҰОС қайтыс болған мүгедектердің жесірлері, жалғыз басты азаматтарға мерзімді баспа сөзге жазылу үшін;
      25) "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ кәсіби оқыту мерзімінде есепте тұрған жұмыссыздар;
      26) қолында сал ауруына шалдыққан және қисыл қозғалысы бұзылған балалары бар жалғыз басты аналар;
      27) Ұлы Отан соғыс қатысушылары, ҰОС қаза тапқандардың екінші рет тұрмысқа шықпаған әйелдері, ауған соғысына қатысқандар, ЧАЭС оқиғасында апат салдарын жоюға қатысушылар, ең төмен көлемінде зейнетақы алушы зейнеткерлер және тоқсан сайын тұрғын-үй коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін жалғыз мүгедектерге, отын алу үшін жалғыз қарт еңбекке жарамсыз азаматтарға біркелкі материалдық көмек;
      28) 10-12 жұма мерзімімен екі қабатты әйелдерді дер кезінде есепке алу;
      29) емшек сүтінің орнын ауыстыратын затта мұқтаж 1 жасқа дейінгі балаларды тегін қамтамасыздандыру үшін балалар тамағын беру туралы;
      30) 13 жасқа жеткен үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды компьютерлік құралдармен қамтамасыздандыру.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2009.09.22 N 271/9 қаулысымен.

3. Әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі

      3. Төмендегі әлеуметтік төлемге құқығы барларға тағайындалады:
      1)- 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 16), 17), 19), 20), 22), 25), 28), 29), 30) тармақшаларында көрсетілген әлеуметтік төлем алуға құқығы бар санаттағылар 258015007 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша аудан азаматтарының жекелеген санаттарына арналған әлеуметтік төлемдерді төлеу" бюджеттік бағдарламасына және тұрғындарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, еңбек проблемалары бойынша Үйлестіру Кеңесінің өтініш иесі құжаттарының толық пакетін қараған соң қабылдаған шешіміне сәйкес тағайындалады;
      2) -1), 14), 15), 23), 24), 27), 30) тармақшаларда көрсетілген санаттар үшін Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектерді және оларға теңестірілгендерді әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39-III "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес.

4. Әлеуметтік төлемді іске асыру
үшін қажетті құжаттар тізбесі

      4. Нұсқаудың 1 тармағына көрсетілген азаматтар санаттарына әлеуметтік төлемдерді төлеу үшін төмендегі құжаттар қажет:
      1) 2 тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Успен филиалы (бұдан әрі – МЗТО) ұсынған тізімге, ауылдық округ әкімдіктері ұсынған тізімге сәйкес;
      2) 2 тармақтың 2), 9) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін аталған әлеуметтік төлемге құқығы бар адамның жеке есеп шоты және СТН көрсетілген өтініші, жеке куәліктің көшірмесі, тұратын жерінен анықтама, материалдық–тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, отбасының жұмыс істейтін мүшелерінің кірісі туралы анықтама, жұмыспен қамту бөлімінің жұмыссыздарға берген анықтамасы, медициналық мекемеден емделу қажет екенін растайтын анықтама, өтініш иесінің аталған әлеуметтік төлемді сенімді адамның атынан алуға берген өтініші;
      3) 2 тармақтың 2), 9) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін аталған әлеуметтік төлемге құқығы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәліктің көшірмесі, ауылдық округ әкімдігі жанындағы комиссия жасаған өтініш иесінің материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, ЖОО немес ОАО бітіргені туралы дипломның көшірмесі, жұмысқа қабылдану туралы бұйрық;
      4) 2 тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жерлеуді атқарған адамның СТН және есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, тұрған жерінен анықтама, қайтыс болған адамның мәртебесін анықтайтын құжат және қайтыс болуы туралы анықтама көшірмесі;
      5) 2 тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Успен филиалымен келісілген зейнетақы көлемі, міндетті түрде СТН, есеп шот нөмірі мен жеке куәлігінің көшірмесі, тұратын жері көрсетілген өтініш;
      6) 2 тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін аталған әлеуметтік төлемге құқығы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, тұрған жерінен анықтама, бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылғаны туралы анықтама көшірмесі;
      7) 2 тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін аталған әлеуметтік төлемге құқығы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, өрт немесе кенеттен болған апат салдарынан келген зиянды анықтайтын немесе тұрғындарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, еңбек проблемасы жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің күтілмеген жағдайды тану туралы шешімі;
      8) 2 тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін аталған әлеуметтік төлемге құқығы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, тұрған жерінен анықтама, әлеуметтік көмек анықтамасы;
      9) 2 тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін аудандық мәслихат ұсынған тізімге сәйкес;
      10) 2 тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, тұрған жерінен анықтама, аудандық әскери комиссариаттан 2008 - 2009 жылдары әскери борышын атқарғанын растайтын анықтама;
      11) 2 тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін әлеуметтік төлемге қамқоршының СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, тұрған жерінен анықтама, қамқоршылықты белгілеу туралы қамқоршылық Кеңесі шешімінің көшірмесі;
      12) 2 тармақтың 13) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін қамқоршының әлеуметтік төлемге СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, тұрған жерінен анықтама, денсаулық сақтау департаментінің жолдамасы, тексеруден өту және емделу фактісін растайтын көшірме, барып қайтуға пайдаланылған билеттер, сондай-ақ қажет болған жағдайда апарып келген адамның жеке куәлігінің көшірмесі және барып қайтуға пайдаланылған билеттер;
      13) 2 тармақтың 14), 15) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін аталған әлеуметтік төлемге құқығы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші;
      14) 2 тармақтың 16) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін студенттің СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, студенттің ЖОО-мен оқуға жасаған үш жақты шартының көшірмесі;
      15) 2 тармақтың, 17) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аудандық МЗТО келісілген тізімге сәйкес;
      16) 2 тармақтың 18) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, туберкулез ауруханасының анықтамасы, жеке бас куәліктің көшірмесі;
      17) 2 тармақтың 19) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, онкология ауруханасының анықтамасы, жеке бас куәліктің көшірмесі;
      18) 2 тармақтың 20) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамның СТН және есеп шоты көрсетілген өтініші, тұратын жерінен анықтама, жеке куәлік көшірмесі, ОС қатысушысы куәлігінің көшімесі, медициналық мекемеден тіс салу қажеттігі туралы анықтама;
      19) 2 тармақтың, 21) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аудандық МЗТО келісілген тізімге сәйкес;
      20) 2 тармақтың, 22) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аудандық МЗТО келісілген тізімге сәйкес;
      21) 2 тармақтың, 23) тармақшасында СТН, есеп шоттың көшірмесі, зейнеткерлік куәліктің көшірмесі, төлемге құқығы бар тұлғаның өтініші;
      22) 2 тармақтың 24)тармақшасында көрсетілген санаттар үшін осы төлемге құқығы бар тұлғаның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке куәлігінің көшірмесі, ҰОС қатысушысының куәлігі, тұрған жерінен анықтама, мерзімді баспа сөзге жазылған төлемнің көлемі туралы құжат;
      23) 2 тармақтың 25) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамның СТН және жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жеке бас куәлігінің көшірмесі, жұмыспен қамту орталығының анықтамасы;
      24) 2 тармақтың 26) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамның СТН және есеп шоты көрсетілген өтініші, тұратын жері туралы анықтама, жеке бас куәлігінің көшірмесі, дәрігерлік-ұжымдық комиссия анықтамасының көшірмесі;
      25) 2 тармақтың 27) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтың аудандық филиалының ұсынған тізімі бойынша;
      26) 2 тармақтың 28) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамның СТН және есеп шоты көрсетілген өтініші, тұратын жерінен анықтама, жеке бас куәлігінің көшірмесі, есепке тұрғаны жөнінде медициналық мекемеден анықтама, табыстары туралы анықтама;
      27) 2 тармақтың 29) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамның СТН және есеп шоты көрсетілген өтініші, тұратын жерінен анықтама, жеке бас куәлігінің көшірмесі, баланың туғаны туралы куәлік көшірмесі, емшек сүті орнына қолданылатын сүтте бала мұқтаж жайында медициналық мекемеден анықтама;
      28) 2 тармақтың 30) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін ата-анасынан СТН және есеп шоты көрсетілген өтініші, тұратын жерінен анықтама, ата-анасының жеке бас куәлігінің көшірмесі, баланың туғаны жайлы куәлігінің көшірмесі, облыс психологиялық дәрігерлік педагогикалық кеңес қорытындысының көшірмесі.

5. Есеп жүргізу және есеп беру

      5. Әлеуметтік төлем туралы мәселе шешілетін бастапқы құжаттар (хаттама, тексеру актілері, анықтамалар, тізімдер т.б.) "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-де үш жыл сақталады.
      6. Әр айдың 20-сында "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ Успен ауданның "Қаржы бөлімі" ММ-не бюджеттік бағдарламалар бойынша әлеуметтік төлемді қамтамасыз ету үшін қажетті қаражат туралы өтінімдер ұсынады.
      7. "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ Успен ауданның "Қаржы бөлімі" ММ-не әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттың жұмсалғаны туралы есеп береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады