Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2010.04.15 N 1-19/296 хатымен.
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы "2009 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем ақы туралы" нұсқаулықты бекіту туралы" N 38/1 қаулысымен бекітілген "2009 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттағы азаматтарына әлеуметтік төлем ақы туралы" нұсқаулығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-12-63 тіркелген, 2009 жылы 27 ақпанда "Сельские будни" газетінде N 8 жарияланған), аудан әкімдігінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 73/3, "Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы "2009 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем ақы туралы" нұсқаулықты бекіту туралы" N 38/1 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-12-66 тіркелген, 2009 жылы 28 наурыздағы "Сельские будни" газетінде N 12 жарияланған) (бұдан әрі - Нұсқаулық) келесі өзгерістер енгізілсін:
нұсқаулықтың 2 тармағы 27) тармақшасының "2 АЕК мөлшерінде" деген сөздер алып тасталсын;
нұсқаулықтың 2 тармағы 28) тармақшасында "табыстары ең аз күнкөрістік шамадан аспайтын" деген сөздері алып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күн өткен соң қолданысқы енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Әутәліпов