Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 04.04.2014 N 89/4 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы білім беру және ғылым Министірінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 372 бұйрығымен бекітілген "Балалар толық және жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық қызметтерін ұйымдастыру туралы" Типтік ережелерінің 24 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауданның орта білім беру ұйымдары базасындағы мектепке дейінгі шағын орталықтардағы балалардың тамағы үшін ата-аналардың ай сайынғы төлем ақысы 4500 (төрт мың бес жүз) теңге көлемінде бекітілсін.
2. Көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбастары балалардың тамағы үшін төлем ақысынан босатылсын.
3. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін соң 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Аудан әкімі Н. Әутәліпов