2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында Успен ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде 1993 жылы туған азаматтарды тізімге алуды өткізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен ауданы әкімінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 19 шешімі. Павлодар облысы Успен ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 қаңтарда N 12-12-84 тіркелген. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Успен аудандық әкімі аппаратының 2014 жылғы 26 тамыздағы N 1-18/555 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Успен аудандық әкімі аппаратының 26.08.2014 N 1-18/555 хатымен).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы, 1 тармағы, 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес, 2010 жылы шақыру учаскесінде 1993 жылы туған азаматтарды тізімге алуды ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. 2010 жылдың қаңтар – наурыз айларында 1993 жылы туған азаматтар Успен ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуден өткізілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Аудан әкімі                                Н. Әутәліпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады