Ескерту. Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2010.03.05 N 1-31-21 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бап 1 тармақ 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бап 3 тармақ 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 Қаулысымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарын әлеуметтік қолдау" шаралары Ережесінің 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылы ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарының көтерме жәрдемақысы жетпіс айлық көрсеткіш мөлшерінде берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджет мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан соң, он күннен кейін өз күшіне ие болады және 2009 жылғы 1 шілдедегі жағдайға байланысты да қолданылады.
Сессия төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысы Б. Паванов