"Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы N 9 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 20 ақпанда N 1700 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 45 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 45 қаулысымен     
             «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27 бабы 2 тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңы 9-1 бабына және «Мемлекеттік қызмет көрсетудің Үлгі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген «Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімі              С.Біләлов

Облыс әкімдігінің
2009 жылғы 20 қаңтардағы № 9
қауылысымен бекітілді

«Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызмет көрсету анықтау:
      «Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету).
      2. Көрсетілетін мемлекет қызметінің түрі:
      Автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қауылысымен бекітілген, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін Мемлекеттік қызметтердің тізілімінің 68 тармағы;
      Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қантардан № 2828 «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 5) тармақшасы;
      негізінде көрсетіледі.
      4. Осы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынатын мемлекеттік мекеме немесе өзге субъектілердің, мемлекеттік органның атауы:
      «Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма);
      мемлекет қызметі көрсетілетін орын:
      Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38;
      веб-сайт:
      Басқарманың ресми сайты www.dpr.sko.kz ;
      e-mail: dpr@sko.kz .
      5. Тұтынушы алатын мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны: Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу сертификаты.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін заңды және жеке тұлғалардың санаты:
      Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды жасалған жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудегі уақыттың шектелу мерзімі:
      1) мемлекет қызметін тұтынушы тиісті құжаттарды тапсырған сәттен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері (өтінішті тіркеу кезінен бастап)
      10 күнтізбелік күні;
      2) құжат тапсырудағы кезекте күтіп тұруға кететін ең көп уақыт (өтінішті тіркеу кезінде) - 30 минут;
      3) құжатты аларда кезекте күтіп тұруға кететін ең көп уақыт - 30 минут.
      8 Мемлекет қызметін көрсету тегін беріледі.
      9. Осы стандарт оны ресми жариялағаннан кейін Басқарманың ресми веб-сайтында www.dpr.sko.kz орналастырылады.
      Мемлекет қызметін көрсететін орынның мекенжайы:
      Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38.
      10. Басқарманың жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Алдын ала жазылу жоқ. Тез қабылдау көзделмеген.
      11. Азаматтарды қабылдау бөлмесі тұтынушылармен жұмыс істеуге лайықталған, қажетті құжаттарды дайындау және күту үшін, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай қарастырылған (өтінішті толтыру үлгілерімен арнаулы орын, үстел, орындықтар бар). Өртке қарсы қауыпсіздік талаптары сақталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу туралы жазбаша өтініш;
      3) барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған қол қойылған келісім-шарт, төрт данада.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін формасы Басқармада, мына мекенжайда берілетін өтініш толтыру керек: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38, № 53 кабинет, немесе Басқармасының веб-сайтында www.dpr.sko.kz .
      14. Мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін толтырылған өтініш және өзге тиісті құжаттар мына мекенжайға тапсырылады: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38, № 54 кабинет.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсетілуіне тұтынушының барлық құжаттарды тапсырғанын растайтын қандай қызмет көрсетілуін сұрағаны, қоса берілген құжаттар атауы, құжаттың қабылданған күні, құжатты алған күні туралы қолына қолхат беріледі.
      16. Сертификатын алу өтініш берушінің өзімен немесе сенім хат бойынша алған жөнінде қол қойғанан кейін қолма қол Басқармада мына мекенжай бойынша алынады: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, № 38, № 54 кабинет.
      17. Тұтынушығы ұсынылған мемлекеттік қызметті тоқтату немесе бас тартуға негіз болады:
      1) осы стандарттың 12 тармағымен көзделген құжаттарды ұсынбау;
      2) осы стандарттың 12 тармағымен көзделген құжаттарда толық емес немесе анық емес мәліметтерді көрсету.

3. Жұмыс ұстанымдары

      18. Басқарма тұтынушыға көрсетілетін қызметті келесі жұмыс ұстанымдарына негізделеді:
      1) транспаренттілік;
      2) тұтынушылармен жұмыс істегенде сыпайылық;
      3) ұсынылып отырған мемлекеттік қызмет туралы жеткілікті ақпарат беру;
      4) тұтынушы құжаттары мазмұнының ақпараттың құпиялығын сақталуын, қорғауын қамтамасыз ету;
      5) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттарды, бүлдірмей сақтауын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға көрсетілетін мемлекет қызметінің нәтижелері осы стандарттың қосымшаларына сәйкес қол жетімділік пен сапа көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме жұмыстарының бағалануы бойынша мемлекет көрсететін қызметтің қол жетімділігі мен сапа көрсеткіштерінің мақсатты маңызы жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобымен бекітіледі.

5. Шағым беру тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру және шағым беруге жәрдемдесу Басқармада, мына мекенжайда жүргізіледі: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38, № 54 кабинет.
      22. Шағым Басқармада, мына мекенжайда жазылады: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38, № 54 кабинет.
      23. Тұтынушыға шағымының қабылданғанын растайтын шағымның берілген күні, қарастыру мерзімі және берілген шағымға жауап беретін орны көрсетілген қолхат беріледі.
      Шағымның қарастырылу барысы туралы ақпаратты Басқармада мына мекенжайда алуға болады: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38, № 54 кабинет.

6. Байланыс ақпараты

      24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекет мекемесі басшысының, оның орынбасары және жоғарыдағы ұйымның байланыс мәліметтері:
      1) Басқарма бастығы: электронды мекенжайы: www.dpr.sko.kz, телефон: 466787, әр айдың бірінші дүйсенбі, сағат 17.00 -ден 18.00 – ге дейін, Петропавл қаласы, Қазақстан Контстуция көшесі, 38, 46 кабинет;
      2) Басқарма бастығының орынбасары: әр сейсенбі, бейсенбі, сағат 9.00 -ден 18.00 –ге дейін, Петропавл қаласы, Қазақстан Контстуция көшесі, 38, 44 кабинет;
      3) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, веб-сайт www.sko.kz, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58.

«Барлауға, өндіруге немесе бірлескен
барлауға және жалпыға таралған
пайдалы қазбаларды өндіруге арналған
келісім-шарттарды тіркеу»  мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына қосымша

Кесте
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік
көрсеткіштері

Көрсеткіштің
нормативтік
мәні

Көрсеткіш-
тің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіш-
тіңт есеп беру жылындағы күнделікті мәні

1. Мерзімділік

1.1. Құжат тапсырған сәттен белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайының % (үлесі)

100

100

100

1.2. 40 минут шамасында қызмет көрсетілу үшін кезекте тұрған тұтынушылар % (үлесі)

100

100

100

2. Сапа

2.1. Көрсетіл-ген қызмет сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

100

100

100

2.2. Лауазымды тұлғаның құжаттарды дұрыс ресімдеу (аудару, есеп айырысу, т.б.) жағдайы % (үлесі)

100

100

100

3. Қол жетімділік

3.1. Қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

100

100

90

3.2. Бірінші реттен құжаттарды дұрыс толтырып тапсырған тұтынушылар % (үлесі)

100

100

100

3.3. Интернет арқылы білуге болатын ақпарат қызметтерінің % (үлесі)

100

100

-

4. Шағым беру үдерісі

4.1. Берілген қызмет көрсету түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына шаққандағы негізі бар шағымдар % (үлесі)

0

0

0

4.2. Белгіленген мерзімде қарастырылып, қанағаттандырылған негізі бар шағымдар % (үлесі)

0

0

0

4.3. Қолданыстағы шағым беру тәртібіне қанағаттанатын тұтынушылар % (үлесі)

100

100

100

4.4. Шағым беру мерзіміне қанағаттанатын тұтынушылар % (үлесі)

100

100

100

5. Сыпайылық

5.1. Қызметшілердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)

100

100

100

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады