"2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында облыс аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі N 87 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 22 қыркүйектегі N 235 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 5 қазанда N 1723 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011 жылғы 17 қазандағы N 01.04-08/2964 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңы 28-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында облыс аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 87 қаулысына (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 4 мамырда № 1707 тіркелді, 2009 жылдың 20 мамыры «Солтүстік Қазақстан», 2009 жылдың 20 мамыры «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланды), «2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында облыс аумағындағы Қазақстан Республикасының      азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 87 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 28 тамызда № 1722 тіркелді, 2009 жылғы 9 қыркүйектегі № 110 «Солтүстік Қазақстан», 2009 жылғы 9 қыркүйектегі № 110 «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланды) Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 17 тамыздағы № 210 қаулысымен енгізілген өзгерістермен келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасындағы «Зейнуллин Мұратбек Бегайдарұлы», «департаментінің бастығы» сөздері «Галыгин Юрий Борисович», «департамент бастығының міндетін уақытша атқарушысы» сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Біләлов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Солтүстік Қазақстан облысы
      қорғаныс істері жөніндегі департамент
      бастығының міндетін уақытша атқарушы       Ю. Галыгин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады