"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, Айыртау, Ақжар және Тимирязев аудандарының мәслихаттары мен әкімдіктерінің ұсынысы жөніндегі тұрғындар пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. Кейбір елді мекендер мен ауылдық округтер атауларының транскрипциясы:
Айыртау ауданы Нижнеборлық ауылдық округі Якши-Янгизтау ауылының атауы Нижнеборлық ауылдық округі Жақсы Жалғызтау ауылы;
Ақжар ауданы Талшық ауылдық округі Ульгули ауылының атауы Талшық ауылдық округі Үлгілі ауылы;
Ақжар ауданы Ленинград ауылдық округі Даут ауылының атауы Ленинград ауылдық округі Дәуіт ауылы;
Ақжар ауданы Ленинград ауылдық округі Кызылтуское ауылының атауы Ленинград ауылдық округі Қызылту ауылы;
Тимирязев ауданы Ишим ауылдық округі Нарунгуль ауылының атауы Есіл ауылдық округі Нарынгүл ауылы болып өзгертілсін;
2. Келесі елді мекендер мен ауылдық окрутардың атауы:
Тимирязев ауданы Ишимский ауылдық округі және Ишимское ауылының атауы Есіл ауылдық округі және Есіл ауылы;
Тимирязев ауданы Степной ауылдық округінің аты Құртай ауылдық округі;
Айыртау ауданы Арықбалық ауылдық округі Наследниковка ауылының атауы Арықбалық ауылдық округі Баян ауылы;
Ақжар ауданы Совхоз ауылдық округі және Совхоз ауылының атауы Ақжарқын ауылдық округі және Ақжарқын ауылы,
Восход ауылдық округі Кузбасс ауылы Восход ауылдық округі Ақсай ауылы болып қайта аталсын.
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С. Біләлов |
Облыстық мәслихаттың хатшысы |
Қ.Едіресов |
Облыстық мәлихаттың ХҮІІІ сессиясының төрағасы |
Р. Нұрмұқанова |