«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-ХІІ Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, қала тұрғындардың пікірін ескере отыра, Петропавл қаласы ономастика комиссиясының шешімі, түсіндірме хаты, экономикалық есептеулер негізінде, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қаланың келесі көшелері мен қысқа көшелерінің аты өзгертілсін:
1) К. Либкнехт көшесі – Аяған Шәжімбаев атындағы көше;
1-1) К. Либкнехт қысқа көшесі - Аяған Шәжімбаев атындағы қысқа көше;
2) А. Пархоменко көшесі – Батыр Баян көшесі;
3) Ф. Рузаев көшесі – Қаттай Кеншінбаев атындағы көше;
4) 9-шы январь көшесі – Илья Залманов атындағы көше;
4-1) 9-шы январь қысқа көшесі - Илья Залманов атындағы қысқа көше;
4-2) 1-ші 9-шы январь қысқа көшесі – 1-ші Илья Залманов атындағы қысқа көше;
4-3) 2-ші 9-шы январь қысқа көшесі – 2-ші Илья Залманов атындағы қысқа көше;
5) Р. Люксембург көшесі – Василий Демиденко атындағы көше;
5-1) Р. Люксембург қысқа көшесі - Василий Демиденко атындағы қысқа көше;
6) П. Осипенко көшесі – «Егемен Қазақстан» көшесі;
6-1) П. Осипенко қысқа көшесі - «Егемен Қазақстан» қысқа көшесі.
2. Осы қаулы және шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Петропавл
қаласының әкімі Н. Әшімбетов
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы С. Леонтьев
Қалалық мәслихат
хатшысы Р. Сыздықов