Ақжар ауданының шақыру учаскесінде тіркеуді өтпеген, 1992 жылғы және үлкен жасты азаматтардың тіркеуін өткізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 14 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 қаңтарда N 13-4-83 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихатының 2012 жылғы 12 қыркүйектегі N 02.02-02/459 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімі аппаратының 2012.09.12 N 02.02-02/459 хаты)

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18, 17-бабына, әскерге шақырылатындарды әскери есепке қою үшін, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережесін бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережесіне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан аумағында 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында бұрын шақыру учаскесінде тіркеуді өтпеген, 1992 жылғы және үлкен жасты азаматтардың тіркеуін өткізсін.
      2. № 1 қосымшаға сәйкес шақыру учаскесіне азаматтардың тіркеуін өткізу жөніндегі аудандық комиссия құрамы бекітілсін.
      3. № 2 қосымшаға сәйкес шақыру учаскесіне азаматтардың тіркеуін өткізу жөніндегі аудандық комиссияның жұмыс тәртібі бекітілсін.
      4. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрілігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ақжар аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) әскерге шақырушыларды медициналық куаландыру үшін орта медициналық персоналдың қажетті саны және мамандығы бойынша жұмыс тәжіребиесі бар дәрігер-мамандар берілсін;
      5. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрілігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ақжар аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) әскерге шақырушыларды стационарлық тексеру үшін терапия бөлімінде – 9 орын және хирургия бөлімінде -3 орын ескертілсін.
      6. «Ақжар ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) (әрі қарай – Қорғаныс бөлімі):
      1) Әскерге шақыру пунктісі үшін үй-жайын беру және оның қажетті температуралық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі шара қолдану;
      2) Шақыру учаскесінде әскери-азаматтық тәрбие жөніндегі әскерге шақырушылармен жұмыс жүргізу үшін үгіттеу пунктіні ұйымдастыру;
      3) Бұрын шақыру учаскесінде тіркеуді өтпеген, 1992 жылғы жас жігіттер және үлкен жастағылардың тіркеуін өткізу кестесін құрастыру және селолық округінің әкімдеріне мәлімдеу.
      7. «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу кезеңінде:
      1) Қорғаныс бөлімінің өтінімі бойынша есепке тұрудан бас тартатын, тұлғаларды іздеу және ұстауды жүзеге асырсын;
      2) Құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін, әскерге шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеу кезеңінде полиция қызметкері берілсін;
      3) Шақыру учаскесіне дейін учаскелік инспекторларымен, полиция инспекторларымен әскерге шақырушыларды шығарып салуын ұйымдастырсын.
      8. Селолық округінің әкімдеріне:
      1) Қорғаныс бөліміне әскерге шақыру учаскесінің тіркеуіне жататын әскерге шақырушылардың тізімдері берілсін;
      2) Әскерге шақыру учаскесіне әскерге шақырушылардың уақытында келуін қамтамасыз ету және әскери есеп жөніндегі мамандары полиция учаскелік инспекторларымен бірлесіп оларды шығарып салсын.
      9. «Ақжар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджет есебінен, осы мақсаттарға қарастырылған, тіркеу жөніндегі іс-шаралардың қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Айтмұхаметовқа жүктелсін.
      11. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуінен бастап және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші рет ресми жарияланғаннан кейінгі күннен он күн ішінде қолданысқа енгізіледі. 

      Аудан әкімі                                      А.Тастеміров

2009 ж. 14 қаңтардағы № 14
аудан әкімдігінің қаулысына
№ 1-қосымша

Қорғаныс істер бөлімінің аудандық шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі комиссия ҚҰРАМЫ

Негізгі құрамы

Резерв құрамы

лауазымы

Аты-жөні,
тегі

лауазымы

Аты-жөні,тегі

Тіркеу комиссияның төрағасы қорғаныс істері бөлімі бастығының уақытша м.а. лейтенант 

Талғат Сайлауұлы Тұрабай

Шақыру және келісім-шарт бойынша әскери қызметкерлерді алу бөлімшесінің бастығы, аға лейтенанты

Денис Александрович Плотко

Тіркеу комиссия төрағасы-
ның орынбаса-
ры, әлеуметтік мәселелер жөніндегі аудан әкімі аппараты-
ның бас маманы 

Ермек Серікұлы  Қайыржанов

Құқықтық мәселелер жөніндегі аудан әкімінің кеңесшісі

Арман
Бауырұлы Ысқаков

Комиссия мүшелелері:

Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, подполков-
ник

Арыстан Жүсіпұлы Хамзин 

Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, подполковник

Самат Шерғалыұлы Рақымжанов

Ақжар аудандық орталық ауруханасы-ның бас дәрігері, медициналық комиссия төрағасы

ШолпанҚайыргелды-қызы
Сәбитова

Ақжар аудандық емханасының бас дәрігері

Марал Түлебекқызы Үсенова

Тіркеу комиссия хатшысы, орталық  аудандық ауруханасының жасөспірім-дер қызметінің медбикесі

Әлия Шакенқызы Хасенова

Ленинград селолық ауруханасының медбикесі

Людмила Алексеевна Гончарова

2009 ж. 14 қаңтардағы № 14
аудан әкімдігінің қаулысына
№ 2-қосымша

Азаматтардың тіркеуін жүргізу жөніндегі аудандық комиссияның жұмыс тәртібі

      1. Азаматтардың тіркеуін жүргізу жөніндегі аудандық комиссия (әрі қарай - Комиссия) «Әскери міндеті мен әскери қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережесін бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы №371 Қаулысына және Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілеріне сәйкес өз қызметін жүзеге асыруда.
      2. Комиссия отырыстары «Ақжар ауданының қорғаныс істер бөлімі» ММ ғимаратында азаматтардың тіркеуін жүргізу кезеңінде дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 14.00 ден 18.00 дейін өткізіледі.
      3. Комиссия төрағасы:
      1) әр жұмыс күнінің басында медициналық куаландырудың қорытындысы жөніндегі медициналық комиссия төрағасының баяндамасын қабылдайды;
      2) Комиссия отырыстарында төрасы етуші;
      3) әр жұмыс күнінің аяғында Комиссия хаттамалар кітабында дұрыс жазылуын тексеріп және хаттамаға қол қояды.
      4) Комиссия қызметін бақылауын жүзеге асыруда.
      4. Комиссия мүшелері:
      1) Комиссия отырыстарына қатысады;
      2) Әскерге шақырушылардың құжаттарымен танысады;
      3) Әскерге шақырушыларымен жеке әңгімелесіп, олардың айналасатын жұмыстары туралы, мамандығы, білімі, жалпы дамуы туралы анықтайды;
      4) Зерттелген құжаттары, медициналық куаландырудың қорытындысы және жеке әңгімелесуді өткізудің негізінде тиісті шешім қабылдайды;
      5) әр жұмыс күнінің аяғында Комиссия хаттамалар кітабында дұрыс жазылуын тексеріп және хаттамаға қол қояды.
      5. Комиссия хатшысы:
      1) Әскерге шақырушылардың құжаттарын Комиссия мүшелерінің қарауына ұсынайды;
      2) Комиссия отырыстар барысында хаттамалар кітабын жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады