"Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерін және соларға теңестірілген азаматтарға әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 Заңының 33-бабы 2) тармақшасына сәйкес:
1. Келесі санаттағы азаматтарға тіс протездеуге әлеуметтік көмек көрсетілсін (одан әрі - әлеуметтік көмек):
Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
Ұлы Отан соғысының мүгедектері;
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер мен кепілдіктері бойынша теңестірілген азаматтар;
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктері бойынша теңестірілген азаматтар.
2. Әлеуметтік көмек:
тіс протездеу баға көлемінде (қымбат металдар және металлопластика, металлокерамика, металлоакрилдан басқасы) тағайындалады;
аудан бюджетінен бөлінген қаражат көлемінде беріледі;
осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында тұрақты тұратын тіс протездеуді қажет ететін тұлғаларға беріледі деп анықталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айбек Оралбекұлы Күшеновке жүктелсін.
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Тасмағанбетов |