Жекелеген қызмет түрлері бойынша біржолғы талондардың құны және белгіленген салық мөлшерлемелері туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 13 сәуірдегі N 16/105 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 сәуірде N 13-6-114 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы N 13/68 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.12.20 N 13/68 Шешімімен

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV Заңының 36-бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексінің 422-бабына сәйкес Есіл ауданы бойынша Салық басқармасымен өткізілген хронометрлік тексерулер мен зерттеулердің орта күндік мәліметтері негізінде аудандық мәслихатШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының базарларында тауарларды сатумен айналысатын жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны бекітілсін, 1-қосымшаға сәйкес.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2009.07.27 N 20/121 Шешімімен
      1.1. 1.1-қосымшаға сәйкес эпизоттық сипаты бар қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ 1.1-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2009.07.27 N 20/121 Шешімімен
      2. Бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын жеке
кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін белгіленген салықтың бірыңғай
мөлшерлемелері 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Аудандық мәслихат шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 154 «Жекелеген төлем түрлері бойынша ставкаларды бекіту туралы» шешімі, 2005 жылдың 29 желтоқсанында № 13-6-21 нөмірімен мемлекеттік тіркеу тізілімінің өңірлік тарауында тіркелген.
      2) Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 23 тамыздағы № 201 «Жекелеген төлем түрлері бойынша ставкаларды бекіту туралы» шешімі, 2006 жылдың 25 қыркүйегінде № 13-6-31 нөмірімен мемлекеттік тіркеу тізілімінің өңірлік тарауында тіркелген.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                       Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы                    хатшысы
      Е. Оспанов                              Б. Шериязданов

Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 13 сәуірдегі
№ 16/105 шешіміне 1-қосымша

Есіл ауданының базарларында тауарларды сатумен айналысатын
тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға біржолғы талондардың құны

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2009.07.27 N 20/121 Шешімімен

Р/с

Сатылатын тауарлар түрлері

Біржолғы талонның құны теңгеде

1

Тауарларды сату, соның ішінде: гүлдерді сату;
ет өнімдерін сату;
көкөністер мен жемістерді сату;
өнеркәсіптік тауарлар

 
318
382
318
250

Аудандық мәслихаттың шешіміне
2009 жылғы 27 шілдедедгі № 20/121
1.1-қосымша

Эпизоттық сипаты бар қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар
үшін біржолғы талондардың құны

      Ескерту. Шешім 1.1-қосымшамен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2009.07.27 N 20/121; өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2011.06.20 N 42/242 Шешімдерімен

Р/с

Қызмет түрлері

Біржолғы талонның құны теңгеде

1

Тұқымдарды, сондай-ақ егу материалдарын (көшеттерді) сату

160

2

Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке тракторлар иелерінің қызметтері

318

3

Үй жануарларын бағу

187

Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 13 сәуірдегі
№ 16/105 шешіміне 2-қосымша

Айына салық салу бірлігіне белгіленген салық мөлшерлемелері

Р/с

Салық салу нысаналарының атауы

Белгіленген салықтың базалық мөлшерлеме- лерінің мөлшерлері
(айлық есептік көр- сеткіштерде)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары

1

2

Бір ойыншыдан артық ойыншының қатысуымен ойын
өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары

1

3

Ойын өткізуге арналған персоналды компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Қарт

2

6

Бильярд үстелі

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады