"Жекелеген қызмет түрлері бойынша біржолғы талондардың құны және белгіленген салық мөлшерлемелері туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 16/105 шешіміне өзгерістер енгізу туралы"

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 шілдедегі N 20/101 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 тамызда N 13-6-122 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы N 13/68 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.12.20 N 13/68 Шешімімен

      «Бюджетке салықтар және өзге де міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-ІV Заңының 36-бабына сәйкес, Есіл ауданы бойынша Салық басқармасымен өткізілген хронометрлік бақылаулар мен тексерулердің ортакүндік мәліметтері негізінде аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. «Жекелеген қызмет түрлері бойынша біржолғы талондардың құны және белгіленген салық мөлшерлемелері туралы» аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 16/105 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
      1) 1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының базарларында тауарларды сатумен айналысатын жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны бекітілсін, 1-қосымшаға сәйкес».
      1-қосымшада «өнеркәсіптік тауарлар» деген жолда «318» сандары «250» сандарымен ауыстырылсын.
      2) келесі мазмұндағы 1.1. тармағымен толықтырылсын:
      «1.1-қосымшаға сәйкес эпизоттық сипаты бар қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны бекітілсін»
      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясыныңтөрағасы                         Л. Тыртышная

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                     Б. Шериязданов

      Келісілді:                                  2009 ж. 28.07.

      Есіл ауданы бойынша
      салық басқармасы бастығының
      міндетін аткарушы                           М. Мұстафина

Аудандық мәслихаттың шешіміне
2009 жылғы 27 шілдедедгі № 20/121
1.1-қосымша

Эпизоттық сипаты бар қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар
үшін біржолғы талондардың құны

Р/с

Қызмет түрлері

Біржолғы талонның құны теңгеде

1

Тұқымдарды, сондай-ақ егу материалдарын (көшеттерді) сату

160

2

Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке тракторлар иелерінің қызметтері

318

3

Үй жануарларын бағу

56


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады