Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2009.09.04 N 225 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтарда № 87 қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2009 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу» Ережесінің 2-бабы 12-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 118 радиограммасымен жіберілген субсидияланатын ауыл шаруашылығының басым дақылдарының түрлері бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімі жөніндегі ұсынымдары негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылы Есіл ауданында субсидияланатын ауыл шаруашылығының басым дақылдарының түрлері бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Шұнғұлшинға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі В. Бубенко
Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
15 мамырдағы № 121
қаулысына қосымша
Егіншілік аумақ |
Аудан |
Дақыл |
Көктемгі егісті өткізілетін ұтымды мезгіл |
2009 жылға дәнді алғы дақыл үстінен |
Дала, тегістік, тікенедала- |
Есіл |
Жаздық бидай |
15.05-30.05 |
5.06.-ға дейін |
Арпа – орташа кеш сорттары |
25.05-30.05 |
|||
Арпа – орташа пісіп- |
30.05-5.06 |
|||
Сұлы - орташа кеш сорттары |
25.05-30.05 |
|||
Сұлы - орташа пісіп- |
27.05-30.05 |
|||
Асбұршақ |
25.05-30.05 |
|||
Қарақұмық |
20.05-25.05 |
|||
Тары |
28.05-5.06 |
|||
Рапс |
15.05-20.05 |