Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 6 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 ақпанда N 13-8-98 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 17 наурыздағы N 68 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды  - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2010.03.17 N 68 Қаулысымен

       «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы, 1 тармағы 14) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20 бабына, «Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсету туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 207 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қызылжар ауданы аумағында тұрақты тұратын және тіркелген Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерді төлеу үшін 4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек (одан әрі - әлеуметтік көмек) көрсетілсін.
      2. Әлеуметтік көмек жергілікті бюджет есебінен ай сайын ақшалай көрсетіледі, өтінген тоқсаннан бастап ағымдағы тоқсанға және ағымдағы жылдың соңына дейін тағайындау жасалады. Қосымша құжаттармен бірге өтініш берген тоқсан өтінген тоқсан болып есептеледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Абдуллаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Қызылжар ауданының әкімі                   Қ. Пшенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады