1982-1991 жылы туған азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарына кезекті жедел әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі N 125 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 8 мамырда N 13-8-103 тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 4 ақпандағы N 02.07-05-03/127 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі аппаратының 04.02.2013 N 02.07-05-03/127 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына, «Әскери қызметке белгіленген уақытты өтеген әскери міндеттілерді запасқа босату және Қазақстан Республикасы азаматтарын 2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті жедел әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 01 сәуірдегі № 779 Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігінің Ішкі әскеріне, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясына, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Министірлігіне 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімін ұзартуға құқығы жоқ немесе әскерге шақыртылудан босатылмаған және де оқу орындарынан босатылған, жиырма жетіге толмаған және әскерге қызметке шақыру бойынша белгіленген уақытта өтемеген, он сегіз жастан жиырма сегіз жасқа дейінгі еркек жыныстылар жедел әскери қызметке шақырылсын.
      2. Жедел әскери қызметке шақыртуды өткізу үшін аудандық әскерге шақыру комиссиясы резервті құраммен құрылсын:

Әскерге шақыру комиссиясының        Қызылжар ауданының «Қорғаныс
төрағасы                            істері жөніндегі бөлімі»
                                    Мемлекеттік мекемесінің бастығы

Әскерге шақыру                      Қызылжар ауданы әкімінің
комиссиясы                          әлеуметтік мәселелер жөніндегі
төрағасының орынбасары              орынбасары

Комиссия мүшелері:                  Тәрбие және кадрлармен жұмыс
                                    жөніндегі Қызылжар ауданының
                                    «Ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік
                                    мекемесі бастығының орынбасары

медициналық комиссияның             Солтүстік Қазақстан облысы
төрағасы                            әкімінің «Қызылжар аудандық
                                    орталық ауруханасы» коммуналдық
                                    мемлекеттік қазыналық
                                    кәсіпорнының дәрігері

әскерге шақыру комиссиясының        Солтүстік Қазақстан облысы
хатшысы                             әкімінің «Қызылжар аудандық
                                    ауруханасы» коммуналдық
                                    Мемлекеттік қазыналық
                                    кәсіпорнының медбикесі

Қажет болған жағдайда келесі комиссия құрамындағы резервтегі мамандар пайдаланылсын:

Әскерге шақыру комиссиясының         Қызылжар ауданының «Қорғаныс
төрағасы                             істері жөнінідегі бөлімі»
                                     Мемлекеттік мекемесі бастығының
                                     орынбасары

Әскерге шақыру комиссиясы            Қызылжар ауданының «Ішкі саясат
төрағасының орынбасары               бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің
                                     бастығы

Комиссия мүшелері:                   Қызылжар ауданының «Ішкі істер
                                     бөлімі» Мемлекеттік мекемесі
                                     бастығының қызмет жөніндегі
                                     орынбасары

Медициналық комиссияның              Солтүстік Қазақстан облысы
төрағасы                             әкімінің «Қызылжар аудандық
                                     орталық ауруханасы» коммуналдық
                                     Мемлекеттік қазыналық
                                     кәсіпорнының дәрігері

Әскерге шақыру комиссиясының         Солтүстік Қазақстан облысы
хатшысы                              әкімінің «Қызылжар аудандық
                                     орталық ауруханасы» коммуналдық
                                     Мемлекеттік қазыналық
                                     кәсіпорнының медбикесі

      3. Селолық округ әкімдері азаматтардың шақыру участкесіне уақытылы келуін қамтамасыз етсін.
      4. Әскерге шақырылатын азаматтарды куәландыру сапалы тірде өту үшін келісім бойынша әскере шақырылушылар медициналық куәландырудан өткізу үшін дәрігер-мамандардың қажетті санын бөлуді аудандық аурухананың бас дәрігеріне жүктелсін;
      «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа әскерлерде және әскери құрылымдардағы әскери-дәрігерлік сараптама Ережесі туралы» Қазақстан Респуликасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 Қаулысына сәйкес медициналық комиссияны қажетті құралдармен қамтамасыз етсін;
      әскерге шақырылушылар ішінен табылған науқастарға медициналық қызмет көрсетуге және емделуіне, олардың стационарлық тексеруден өткізу үшін қажетті керует-орындарымен қамтамасыз етсін.
      5. «Қызылжар аудандық қаржы бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабының 1 тармағына сәйкес:
      шығын сметасына сәйкес азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізуге уақыттылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      6. «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесінің басшысы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Респуликасы Заңының 44 бабының 1 тармағына сәйкес:
      азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізу уақытында материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін 4 бірліктегі іс жүргізушілер, 1 бірліктегі автобус жүргізушісі, 1 бірліктегі шақыру участкесін жинаушысын жұмысқа қабылдасын;
      ауданның елді мекендерінен азаматтарды жеткізу үшін Қызылжар ауданының Қорғаныс істері жөніндегі Бөлім осы мақсатқа берген автобусы пайдаланылсын.
      7. Әскерге шақыру комиссиясы қорғаныс істері жөніндегі Бөлімде өткізілсін.
      8. Азаматтарды әскерге шақыруды өткізудің қоса берілген қосымшасы бектілсін.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      10. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                   Қ. Пшенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады