Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 15.05.2013 шешімімен
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодекстің 387-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес және Тайынша ауданының жерлерін аймақтарға бөлу сызбасының (схемасының) негізінде аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Тайынша аудандық мәслихатының 2009.10.23 N 154 Шешімімен
1. Жер салығының ставкалары 378, 379, 381, 383 бабтармен белгіленген жер салығының базалық ставкаларынан 50 пайызға жерлердің келесі санаттары бойынша жоғарылатылсын:
1) ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге;
2) жеке тұлғаларға берілген ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге;
3) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда);
4) елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне.
2. «Тайынша ауданы бойынша жер салық ставкаларын жоғарылату туралы» (2007 жылғы 16 мамырдағы номативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміндегі тіркеу нөмірі № 13-11-89, «Тайынша таңы» және «Тайыншинские вести» газеттерінде 2007 жылдың 15 маусымында жарияланған) аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі № 204 шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Рафальский
Аудандық мәслихаттың хатшысы Қ. Ысқақов