Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының Тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 10 наурыздағы N 93 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 7 сәуірде N 13-11-145 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 18 шілдедегі N 392 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 18.07.2014 N 392 қаулысымен

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабы 3-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.И. Турковқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                 А. Маковский

Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
10 наурыздағы № 93 қаулысына
қосымша

Аудандық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының Тізбесі

      1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
      1) әлеуметтік жұмысшы;
      2) үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі.
      2. Білім мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (оның ішінде бірінші), соның ішінде мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның;
      2) мұғалім;
      3) әлеуметтік педагог;
      4) педагог-психолог;
      5) оқытушы;
      6) тәрбиеші;
      7) музыкалық жетекші;
      8) нұсқаушы;
      9) шебер;
      10) медициналық бике;
      11) кітапханашы;
      12) жетекші;
      13) логопед;
      14) кітапхананың, интернаттың меңгерушісі.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (оның ішінде бірінші);
      2) кітапханашы;
      3) музыкалық жетекші.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады