2009 жылға Тимирязев аудан аймағында тұратын, халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың қосымша тізімін анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 10 ақпандағы N 20 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 наурызда N 13-12-84 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 14 қазандағы N 257 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2011.10.14 N 257 Қаулысымен

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына7-бабы 2) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылғы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұратын, халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың қосымша тізімі анықталсын (қосымшаға сәйкес).
      2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі  халықтың нысаналы тобына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу жөніндегі шаралар қарастырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  Циммерман И.В. жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                    Б. Жұмабеков

2009 жылғы 10 ақпандағы № 20
аудан әкімдігінің қаулысына
қосымша

2009 жылға халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың қосымша тізімі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда жазылды - Тимирязев ауданы әкімдігінің 2009.04.14 N 74 қаулысымен

       1. 24 жасқа дейінгі жастар;
      2. 50 жастан жоғары тұлғалар:
      3. Бір жылдан артық мерзімде жұмыс істемейтін тұлғалар;
      4. Жоғары және орта арнайы оқу орындарының түлектері;
      5. Аудан ұйымдарынан және кәсіпорындарынан босатылған жұмысшылар;
      6. Жұмыспен қамту сұранысы бойынша уәкілдік органдардың жолдауымен кәсіптік оқытуды бітірген жұмыссыздар.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады