2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыруын өткізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 4 мамырдағы N 100 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 6 мамырда N 13-12-89 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 14 қазандағы N 257 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2011.10.14 N 257 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына 1 тармағының 8) тармақшасына, 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Заңының 19-бабының 3-тармағы, 20-бабының 3-тармағы, 23-бабының 1-тармағына, «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуірде-маусымда және қазанда-желтоқсанда кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы» 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру және өткізу Ережелерін бекіту туралы» 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтпеген азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне және басқа да әскери ұйымдарына шақыру ұйымдастыруы қамтамасыз етілсін.
      2. Шақыру комиссия құрамы құрылсын:
      комиссия төрағасы – Александр Николаевич Константинов, Тимирязев ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (келісу бойынша);
      комиссия төрағасының орынбасары – Алма Ахметбекқызы Шаяхметова, «Тимирязев ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы;
      комиссия мүшелері:
      Марат Қойшыбайұлы Рамазанов, Тимирязев ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісу бойынша);
      Айман Қажытайқызы Мустафина, дәрігер, дәрігерлік қызметшілердің жұмысын басқаратын басшы, дәрігерлік комиссия төрағасы (келісу бойынша);
      Сара Шабданқызы Қалкенова, аудан аурухана медбикесі, комиссия хатшысы (келісу бойынша).
      Комиссия төрағасының орынбасары орынды себептерімен болмаған кезінде «Тимирязев ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы - Қаншаим Ишханқызы Наурызбаеваны шақыру комиссия құрамына енгізуіне рұқсат етілсін.
      Әскери оқу орындарына түсетін үміткерлер мен шақыруға жататын азаматтарды медициналық куәландыру үшін шақыру комиссиясы құрамында дәрігерлік комиссия құрылсын, онда дәрігерлер-мамандары енгізілсін (келісу бойынша): терапевт, фтизиатр, психиатр, отоларинголог, невропатолог, тіс дәрігері, дерматовенеролог, хирург, рентгенолог, көз дәрігері.
      2-1. Қосымшаға сәйкес азаматтарды әскери қызметке шақыруын өткізу кестесін бекіту.
      Ескерту. 2-тармақ 2-1-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2009.09.09 N 178 Қаулысымен
      3. Тимирязев ауданының орталық ауруханасының бас дәрігері Сәбира Науқанқызы Даироваға ұсынылсын (келісу бойынша):
      1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен келiсілген кесте бойынша, шақырушылардың амбулаторлық және диспансерлiк карталарын, қажеттi анализдер тапсыруы өткiзiліп медициналық есепте тұратын шақырылушылар тiзiмi ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұрауы бойынша шақыру комиссияға берiлсiн;
      2) шақырылушыларды медициналық куәландыру жөнiндегi жұмысы бойынша тәжiрибесi бар төрт медбике комиссия жұмысы үшін жіберілсін.
      4. Шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық, техникалық жұмысшылары мен қызмет етудегі персоналдың негізгі жұмыс істеу ұйымдарының басшылары осы міндеттерді орындау кезінде олардың жұмыс және лауазымдық орындары мен жалақыларын сақтауды қамтамасыз етсін.
      5. «Тимирязев ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме әскери қызметке азаматтарды шақыру өткізуіне арналған қаражатты дер кезінде бөліп «Жалпы әскери міндеттерді орындау аясындағы шараларға» 122-005-000 бюджет бағдарламасы бойынша қамсыздандырсын.
      6. «Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне күші бар заңға сәйкес шақыруды өткізу уақытқа еңбекақы төлеуімен екі адам санында техникалық қызметкерлермен жеке еңбекті шарттар бекітілсін, сонымен қатар автомобильдік көлік жалға алуға қаражат бөліп қамсыздандырсын.
      7. Селолық округтердің әкімдері шақыру комиссияға алыс жерде тұрушы әскер қатарына шақырылған адамдарды, тұрақты орнынан шақыру пунктіне дейін және тұрақты орнына дейін кері жауапты бірге жүруші тұлғамен жеткізуін қамсыздандырсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік сұрақтар жөніндегі аудан әкімінің орынбасары Л.В. Ганжаға, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы А.Н. Константиновқа (келісу бойынша) жүктелсін.
      9. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                                  А. Ысқақов

2009 жылғы 4 мамыр № 100
Тимирязев аудандық әкімдігінің
қаулысына қосымша

2009 жылғы көктемгі-жазғы және күздік-қыстық шақыруын өткізу кезіндегі 1982-1991 жылы туылған азаматтардың шақыру комиссиясынан өткен Кестесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2009.09.09 N 178 Қаулысымен

р/с

Селолық округтің атауы

07.05.2009

08.05.2009

09.05.2009

10.05.2009

13.05.2009

05.10.2009

06.10.2009

07.10.2009

08.10.2009

09.10.2009

1.

Ақжан с/о

4

2

1


3




6


2.

Ақсуат с/о

2

8

3

5

3



22



3.

Белоградовка с/о

2

7


1

3



10



4.

Дмитриевка с/о

1

4

1

3

1




12


5.

Докучаев с/о



3

4

1


8




6.

Дзержин с/о

1



3

4


9




7.

Ишим с/о


2

3

1

2




5


8.

Интернационал с/о


4

4


2




7


9.

Комсомол с/о


3


2

1




9


10.

Ленинск с/о

2

3



2



6



11.

Москворецк с/о


3

6

2

2



3



12.

Мичурин с/о

6


1





6


10

13.

Степной с/о


4

2

1

2




5


14.

Тимирязев с/о

29

10

12

2

8

50

18




15.

Хмельницк с/о

1


5

6

1


8




16.

Целинный с/о



3


1


4





Бары:

48

50

44

30

36

50

47

47

44

10


Барлығы: 406











Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады