Тимирязев ауданының шақыру учаскесінде 1993 жылы туылған азаматтардың тіркеуін қамтамасыз ету және ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 46 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 желтоқсанда N 13-12-99 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің 2010 жылғы 29 қарашадағы N 38 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің 2010.11.29 N 38 Шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 17-бабына 3-тармағына сәйкес, әскерге дейінгі шақырылатындарды әскери есебіне алу мақсатында, аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. Тимирязев ауданының аймағында тұратын, бұрын тіркеуден өтпеген 1993 жылы туылған және ересек жастағыларды, Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарын 2010 жылғы қаңтар-наурызында шақыру учаскесінде тіркеу ұйымдастырылсын.
      2. Селолық округ әкімдеріне:
      1) «Тимирязев ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сұранысына сәйкес, шақыру учаскесінде тіркеуге жататын ер жынысты азаматтардың тізімі ұсынылсын;
      2) тіркеу өткізу үшін шақыру учаскеге азаматтардың уақыттылы келуі туралы оларға хабардың жеткізілуі қамтамасыз етілсін;
      3. 2010 жылғы қаңтар-наурызында азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеу өткізу кезеңіне тіркеу өткізу бойынша аудандық комиссия келесі құрамында құрылсын:
      комиссия төрағасы – Александр Николаевич Константинов «Тимирязев ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша);
      комиссия төрағасының орынбасары – Алма Ахметбекқызы Шаяхметова «Тимирязев ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы;
      комиссия мүшелері:
      Анарбек Хасизұлы Байғұдинов – «Тимирязев ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
      Айман Қажытайқызы Мұстафина – Тимирязев орталық аудандық ауруханасының дәрігері, медицина қызметкерлері құрамының жұмысын басқарушы - медициналық комиссия төрағасы (келісім бойынша);
      Сара Шабданқызы Қалкенова – комиссия хатшысы, Тимирязев орталық аудандық ауруханасының медбикесі (келісім бойынша);
      4. Тимирязев орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Сәбира Науқанқызы Даироваға ұсыну (келісім бойынша):
      1) «Тимирязев ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының өтінімі бойынша тіркеуге жататын азаматтарды медициналық куәландыру үшін дәрігер мамандар бөлу;
      2) медициналық комиссияны қажетті медициналық-санитарлық жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
      3) қатарына дейін шақырылғандарды медициналық куәландыру бойынша тәжірибесі бар үш медбике бөлу;
      5. Селолық округ әкімдеріне осы жұмысқа жауапты адаммен алыс жерде тұратын әскер қатарына шақырылғандарды тұратын орынынан шақыру учаскесіне дейін және қайта тұратын жеріне дейін жеткізуін қамтамасыз ету.
      6. «Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне:
      «Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар» 122-005-000 қарастырылған бюджеттік бағдарлама паспортымен, іс-шараларды жүзеге асыру үшін қаржыландыру жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;
      тіркеу өткізу уақытына әскер қатарына шақырылғандарға техникалық жұмыстарды өткізу үшін құжаттарды ресімдеуге екі адам санында техникалық қызметкерлермен еңбек шарттарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына сәйкес еңбекақы төленсін.
      7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.В. Ганжаға, «Тимирязев ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Н. Константиновқа жүктелсін.
      8. Осы шешім ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Қасенов

      Келісілген:

      2009 жылғы 21 желтоқсан     Александр Николаевич Константинов -                                         «Тимирязев ауданының қорғаныс
                                 істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік                                                    мекемесінің бастығы
      2009 жылғы 21 желтоқсан                Самат Сәлімұлы Сахатов -                                              «Тимирязев ауданының ішкі                                  істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің                                                                бастығы
      2009 жылғы 21 желтоқсан             Сәбира Науқанқызы Даирова -                                            Тимирязев орталық аудандық
                                           ауруханасының бас дәрігері


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады