Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің 2011.11.21 N 23 Шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17-бабына 3-тармағына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен сәйкес, аудан әкімі ШЕШТІ:
1. Шақыру учаскесіне тіркеуге тұратын жылы он жеті жасқа толатын 1994 жылы туылған Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарын тіркеуін Тимирязев ауданының аймағында 2011 жылғы қаңтар-наурызда өткізуін қамтамасыз етілсін және ұйымдастырылсын.
2. «Тимирязев ауданының шақыру учаскесіне 1993 жылы туылған азаматтарды тіркеуін қамтамасыз ету және ұйымдастыру туралы» аудан әкімінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 46 шешімінің (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 13-12-99 нөмерімен тіркелген, 2010 жылғы 7 қаңтардағы № 2 «Көтерілген тың» және 2010 жылғы 7 қаңтардағы № 2 «Нива» аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а. А. Ысқақов