"2009 жылға Уәлиханов ауданы тұрғындарының нысаналы топтарын анықтау туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 47 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (тіркелген № 13-13-100; 2009 жылдың 20 сәуірде)

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 71 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 21 мамырда N 13-13-103 тіркелді

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы2-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13, 14-тармақшаларына, Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңарту мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысына сәйкес және жұмыспен қамту саласындағы қосымша мемлекеттік кепілмен қамтамасыздандыру және аудандағы нарық жағдайы есебімен жұмыспен қамту саясатының өткізілуі мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2009 жылға Уәлиханов ауданы тұрғындарының нысаналы топтарын анықтау туралы» аудан әкімдігінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 47 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2009 жылғы 20 сәуірдің N 13-13-100 тіркелген) төменгі нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі енгізілсін:
      1) 24 жасқа дейінгі жастар;
      2) 50 жастан кейінгі жұмыс істемейтін тұлғалар;
      3) 1 жылдан астам жұмыс істемейтін тұлғалар;
      4) мекемелердің штаттарының немесе оның санының қысқартылуына орай босатылатын тұлғалар;
      2. Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне уақытында мақсатты топтарға жататын қосымша тұлғаларды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша көмек көрсету шарасымен қамтамасыз ету тапсырылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Р. Ахметоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е.Уәхитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады