Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2012.06.14 N 14-4с Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексiнің 311-бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына
сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТI:
1. Уәлиханов ауданы аумағында иттер мен мысықтарды күтіп ұстау Ережелері бекітілсін.(Қоса беріледі)
2. Көрсетілген шешім бұқаралық ақпарат құралында жарияланғаннан кейін он күн өткен соң күшіне енеді.
Сессия төрағасы Аудандық мәслихаттың
хатшысы
К. Жантілеуов Ә. Бейсенбаев
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 22 маусымдағы № 8-14с
шешімімен бекітілген
Уәлиханов ауданы аумағында иттер мен мысықтарды күтіп ұстау Ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3, 311-баптары, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес дайындалып, жасалды.
Ережелер ветеринарлық және санитарлық нормалар мен ережелер негізінде жасалды және Уәлиханов ауданы аумағында мысықтар мен иттердiң барлық иелеріне, сонымен қатар меншік түрлерінің ведомстволық бағыныштылығына қарамастан кәсіпорындар мен мекемелеріне қатысты.
2. Елді мекендерде иттер мен мысықтарды тек оқшауланған жерде (жақсы қоршалған аулаларда, тор қоршауларда) немесе байлаулы түрде ұстауға рұқсат етіледі.
3. Жануарлардың иелерi үй жануарларын ұстаудың санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық ережелерiн сақтаулары – міндетті шарт.
4. Тұрғын үйлер мен оқшаулы орындардан иттерді жалпы аулалар немесе көшелерге тек байланған бас жібімен немесе тұмылдырықпен шығаруға рұқсат етіледі. Бас жіп пен тұмылдырықсыз иттерді мал бағуда, оқу-үйрету алаңдарында, арнайы мекемелерде оперативтік пайдалану барысында жіберуге рұқсат етіледі.
5. Жабайы және үй жануарларын мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерде тек ветеринарлық қызметтің рұқсатымен ұстау қажет.
6. Иттер мен мысықтардың ауруы немесе өлім-жітімі кезінде тезарада ветеринарлық ұйымға, ал ит (мысық) адамдарды немесе малды тістеген жағдайда медициналық және ветеринарлық ұйымға дереу хабарлау қажет.
7. Азаматтарға, мекеме мен кәсіпорындарға, ұйымдарға тиесілі иттер тұқымына қарамастан үш айлық жастан бастап міндетті түрде тіркеуге алынуы, жылда қайта тіркелуге, құтыру және басқа ауруларға қарсы вакцинацияланулары қажет, жаңа сатып алынған жануарлар тіркеу куәлігін алғаннан кейін екі апта ішінде тіркелуі тиіс.
8. Аудан аумағынан тыс жерге иттерді сату барысында 12 айдан бұрын және 30 күннен кем емес уақытта құтыру мен басқа ауруларға қарсы вакцинациясы көрсетіліп, бекітілген үлгідегі ветеринарлық куәлікті ресімделуі қажет.
9. Жолаушыларға кедергі келтірмесе, жануарларды жер көліктерінің барлық түрімен тасымалдауға рұқсат етіледі. Иттер тұмылдырық және қысқа тізгінмен байлаулы болуы керек.
10. Қысқа жіппен байлаулы тұмылдырықталған иті бар бапкерлерге тыйым салатын ескерту жазбалары жоқ ұйымдарда, азық-түлік дүкенінен басқа дүкендерде, пошта торабында болуға рұқсат етіледі.
11. Дүкендер, дәріханалар, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары, емханалар және басқа қоғамдық орындарда иесіз жүрген иттер мен мысықтар мүдделі мекемелердің өтініштері бойынша ауланып, жойылады.
ІІ. Иттер мен мысықтар иелерінiң мiндеттерi
12. Иттер мен мысықтардың иелері олардың биологиялық ерекшелiктерiне сәйкес ұстауға, мейiрiмдiлiкпен қарауға, қараусыз, сусыз және тамақсыз қалдырмауға, ұрмауға, ауыра қалған жағдайда уақытында ветеринарлық көмек көрсетуге тиіс.
13. Иттер мен мысықтардың иелері айналасындағы адамдар мен басқа да жануарлардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдаулары керек.
14. Иттер мен мысықтардың иелері мемлекеттік ветеринарлық инспектордың талабы бойынша оларды диагностикалық тексерістен өткізіп, алдын ала ескерту екпелерге және емдеу-алдын алу шараларын қолдану үшін әкелулері міндетті.
15. Жануарлар адамдар мен басқа да жануарларды тiстеп алған жағдайда иттер мен мысықтардың иелері (иттері бар кәсіпорындар мен мекемелер) оларды 10 күн ішінде тезарада жақын маңдағы ветеринарлық мекемелерге қарау және карантиндік шараларды жүргізу үшін жеткізуге міндетті. Иттер (мысықтар) адамдарды екінші рет тістеген болса, оларды ұстау ережелері сақталмағандығы үшін алып қойылуы қажет.
16. Мас күйіндегі тұлғаларға және 14 жасқа жетпеген балаларға қоғамдық орындар мен көлік жүретін жерлерде иттерді қыдыртуға рұқсат етілмейді.
17. Денесі ірі иттерді тұмылдырықталған күйінде шығару қажет.
18. Жер учаскелері бар иттердің иелері тек қана жақсы қоршалған аумақта немесе байлаулы түрде иттерді ұстай алады. Иттің бары жөнінде учаскеге кіре берісте тиісті жазу болуы қажет.
19. Жол айырығы мен магистраль маңында ит иесі жол-көлік апатын болдырмау мақсатында оны жіппен байлап ұстауы қажет.
20. Жануарды әрі қарай ұстай алмаған жағдайда оны басқа ит асыраушыға не болмаса ветеринарлық ұйымға тапсыру керек.
21. Жануар өлген жағдайда оның өлексесін ветеринарлық маман тексеріп, ит иесі көмуге тиіс. Өлген жануардың өлексесін лақтыруға рұқсат етілмейді.
ІІІ. Иттер мен мысықтардың иелерінің құқықтары
22. Әр жануар иесінің меншігі болып табылады және әр меншік сияқты заңмен қорғалады.
23. Жануарлар иесінен соттың шешімі бойынша немесе қолданыстағы заңнамада қарастырылған басқа да тәртіппен ұсталып әкетіледі.
24. Ит иесінің итті дүкендер немесе басқа да ұйымдардың жанында байлаулы (денесі ірі итті-тұмылдырықта) күйінде шектелген уақытқа қалдыруға құқығы бар.
IV. Осы Ережелердің сақталуы үшін жануар иесінің
жауапкершілігі
25. Осы ережелерді бұзғаны үшін иттер мен мысықтардың иелеріне заңмен бекітілген тәртіппен жауапкершілік жүктеледі.
26. Иттер мен мысықтардың азаматтардың денсаулығына немесе мүлікке келтірген зияны мен шығыны бекітілген тәртіппен өтеледі.