Уәлиханов ауданының елді мекендерін көріктендіру және жасыл желектерін күтіп ұстау мен қорғау Ережелері туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 маусымдағы N 9-14с шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 шілдеде N 13-13-107 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 маусымдағы N 15-4с Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2012.06.14 N 15-4с Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексiнің 300387-баптарына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТI:
      1. Уәлиханов ауданының елді мекендерін көріктендіру және жасыл желектерін күтіп ұстау мен қорғау Ережелері бекітілсін.
      (Қоса беріледі)
      2. Көрсетілген шешім бұқаралық ақпарат құралында жарияланғаннан кейін он күн өткен соң күшіне енеді.

      Сессия төрағасы                           Аудандық мәслихаттың
                                                 хатшысы
      К.Жантілеуов                              Ә. Бейсенбаев

Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 22 маусымдағы № 9-14с
шешімімен бекітілген

Уәлиханов ауданының елді мекендерін көріктендіру және жасыл желектерін күтіп ұстау мен қорғау
Ережелері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3300387-баптары, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес дайындалып, жасалды.
      Ереже Уәлиханов ауданының елді мекендерін абаттандыру, жасыл желектерін қорғау, инфрақұрылымдық объектілерін ұстау және қорғау саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым – қатынасын және  жауаптылығын бекітеді.

2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар мен түсініктер:

      2 Ауданды көріктендіру - адамның өмір тіршілігіне ыңғайлы, жайлы және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ететін элементтер мен жұмыстар кешені. Бұл жұмыстар кешені көріктендіру элементтері мен нысандарды
қорғау және жөндеу, пайдалану, ұстау, ұйымдастыруды келесі негізгі
бағыттар бойынша ескереді: инженерлік көріктендіру, сыртқы көріктендіру, жарықтандыру, үй маңындағы аумақтарды көріктендіру.
      3. Ауланың ішкі аумағы - кішігірім сәулет түрлерін орнату үшін, балалар, кір жаятын, қоқыс жәшіктері алаңдарын, автокөлік тұрақтарын, сәндік бағаналарды орнату үшін қолданылатын, үйге кіретін жолдар, аулаға кіретін жолдар үшін пайдаланылатын (бір аулада бірнеше жер пайдаланушылар болса, онда бекітілген аймақ тең көлемде бөлінеді,
әйтпесе келісім бойынша белгіленеді) жерлер;
      4. Бекітілген аумақ – Қазақстан Республикасы заңнамасымен ескерілген құқықтар негізінде өкілетті органдардың шешімімен  пайдаланушыға (кәсіпорын, ұйым, жеке тұлға және т.б.) оған қарасты объектілерді орналастыру үшін иемденуге немесе пайдалануға берілген жер телімі.
      5. Маңайдағы аймақ - заңды және жеке тұлғалардың меншігінде, пайдалануында, жалға алған ғимараттың, үймереттің, құрылыс алаңының, қоршаудың, сауда нысандарының, жарнама немесе басқа нысандардың шекарасына тұтасатын аймақ.
      6. Жерді пайдаланушы - мақсаты мен меншік түріне қарамастан аудан, село шегіндегі жер телімдерін пайдаланушы заңды немесе жеке
тұлғалар (кәсіпорындар, мекемелер, коммерциялық құрылымдар,
кәсіпкерлер, жеке сектордың үйлерін иемденушілер, пәтер иелері және басқалары).
      7. Жалпы пайдаланудағы орындар – демалыс орындары, алаңдар, автотұрақтар және т.б.
      8. Шағын сәулеттік пішіндер - әсемдік үшін және іске жарамды сипаттағы нысандар:
      Сәндік құрылыстар- мүсіндер, субұрқақтар, оймабедерлер,
гүлдерге арналған құмыралар, павильондар, сәкілер, орындықтар, қоқыс жәшіктері, балалар ойындарына және үлкендердің демалуына арналған жабдықтар мен конструкциялар.
      9. Ғимарат – адамдардың тұруына немесе болуына, өндірістік процестерді орындауға, сонымен қатар материалдық құндылықтарды сақтау мен қорғауға арналған құрылыс.
      Тұрғын үй – негізінен тұрғын жайлардан, сол сияқты ортақ мүлікке жататын тұруға жарамсыз басқа да бөліктерден тұратын құрылыс.
      10. Өтпе жолдары, (жүргін көлік, өтетін жол) - тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа да аудандар, шағын аудандар, тұрғын үй орамдары мен қоғамдық
ғимараттарға, аудандық және селолық құрылыс нысандарына көліктердің кіруін қамтамасыз етуші жол элементі.
      11. Тротуар - жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға
жалғасып немесе одан көгалдармен бөлініп жатқан жолдың бөлігі.
      12. Жолдарды күтіп ұстау – нәтижесінде автомобиль жолдарын пайдалану ережелерінің талаптарына сай жол құрылыстары, жолдарды
көлікпен пайдалану жағдайы сақталатын кешенді жұмыстар жиынтығы.
      13. аумақты тазалау – ауланы тазалау, қатты тұрмыстық қалдықтарды, қар, көң-қоқыс, күл, мұзды  шығарып, тазалау.
      14. Өндіріс мен тұтыну қалдықтары (ілгеріде қалдықтар) - өндіру мен тұтыну барысында өзінің тұтыну сипаттарын жоғалтқан шикізат
қалдықтары, материалдар, жартылай фабрикаттар, басқада өнімдер
қалдығы.
      15. Қатты тұрмыстық қалдықтар - тұтынудың тұрмыстық қалдықтары.
      16. Ірі көлемді қалдық - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан,
өздерінің көлемі бойынша арнаулы қоқыс жинайтын мәшинемен
тасымалдауға келмейтін қолданыстың және шаруашылық қызметінің
қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.).
      17. Жөн-жосықсыз төгілетін қоқыстар үйінділері - заңды және жеке тұлғалардың қызметі кезінде пайда болған қатты тұрмыстық
қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтары, өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстарды өз еркімен (жөн-жосықсыз төгілетін) шығару (орналастыру) немесе үю.
      18. Қатты тұрмыстық қалдықтар және ірі көлемді қалдықтарды
шығару – қалдықтарды шығару, ауланы тазалау және оларды арнайы орындарға апаруға байланысты шаралар кешені.
      19. Уәкілетті орган – Аудан әкімдігі белгілеген тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы қызметтерді орындайтын мемлекеттік орган.

3. Аудан аумағын таза ұстау

      20. Жалпы пайдаланудағы орындардың тазалануы мен ұсталуы келесі жұмыстарды қамтиды:
      1. шағын және тұрмыстық қалдықтарды тазалау және шығару;
      2. ірі көлемді қалдықтарды шығару;
      3. жазғы маусымда сыпыру, су шашу мен жуу;
      4. қамыс пен басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;
      5. қоршаулар мен шағын сәулетті пішіндерді жөндеу мен сырлау;
      6. қысқы маусымда көлік жолдарын тазалау;
      7. механикаландырылған түрде қарды тазалау және артып шығару.

1. Көлік жолдарын тазалау

      21. Көшелердің көлік жолдарын, алаңдарды, аудандық, селолық жол желілерін, көлік тоқтайтын орындарды тазалауды жүзеге асыруға арналып уәкілетті органмен жасасқан мемлекеттік сатып алулар шартының негізінде мердігер-кәсіпорындар жүргізеді.
      22. Жолдардың жиектері ірі көлемді және басқа да қоқыстардан тазартылуы қажет. Жұмыстарды жүргізу кезінде қоқысты көшелердің
жүргін бөлігіне және көлік жолдарына шығаруға рұқсат етілмейді.

2. Жаяу жүргіншілер жолдарын тазарту жұмыстары

      23. Көшелер бойымен орналасқан немесе көлік жолынан көгалмен
бөлінген тротуарлар, сондай-ақ тұрғын үй ғимараттарынан тікелей
шығатын жолдары жоқ аула аумақтарын, мекемелер, кәсіпорындар, сауда-саттық және қызмет көрсету объектілерінің маңын жинау жұмысын коммуналдық кәсіпорындар  жүргізеді.
      24. Тротуарларды тазалау, сондай-ақ инженерлік құрылыстар мен баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық тротуарларды
(кіре беріс жолдарын) жинау осы инженерлік құрылыстардың иесі болып табылатын кәсіпорындар жүргізеді.
      25. Көшелердің көлік жолдарынан көгалмен бөлінген тротуарларды және тұрғын үй ғимараттарынан тікелей шығатын жолдары бар аулаларды, мекеме, кәсіпорындар, сауда-саттық және қызмет көрсету объектілерінің аулаларына кіретін жолдарын тазартуды тиісінше бөлініп берілген
аумақтарға сәйкес кәсіпорындар жүргізеді.
      26. Тротуарлар толығымен топырақ-құмнан, әр түрлі қоқыстан тазартылуы қажет.

3. Қысқы маусымда аудан аумақтарын тазалаудың ерекшеліктері

      27. Аудан көшелерінің көлік жолдарын қыстыгүні тазалау
жұмыстары осы Ереже талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      28. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, скверлердегі, бульварлардағы жолдарды және басқа жасыл аймақтарды тазалау кезінде жасыл желектердің жойылмауын және еріген су ағынын
қамтамасыз ету шартымен құрамында химиялық реагенттері жоқ қарды
уақытша жинауға арнайы алаң дайындалып, жинауға рұқсат беріледі.
      29. Қысқы кезеңде жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын
жәшіктер және басқа да элементтер мен кіші сәулет пішіндері,
сондай-ақ олардың алды мен жаны, оларға баратын жолдар қар мен
мұздақтардан тазартылуы керек.
      30. Қар үйіндісін жинауға рұқсат етілмейді:
      барлық бір деңгейдегі жолдардың, көшелердің және көлік
жолдардың тоғысуында;
      көлік қоршаулармен немесе бордюрлармен қоршалған жолдардың учаскелерінде;
      тротуарларда.
      31. Қарды тротуарлар мен көгалдарға үюге рұқсат етілмейді.
      32. Жолдан қарды арнайы дайындалған орындарға шығару қажет.  Белгіленген тәртіппен келісілмеген орындарға қар шығаруға рұқсат етілмейді.
      33. Қар ерігеннен кейін оны уақытша жинау орындары арнайы мердігермен тазалануы қажет.
      34. Тротуарлар түскен және қатып қалған мұзды қардан бүкіл ені бойынша толығымен тазартылуы қажет.
      35. Үйлердің аулаларынан және жолдардан тазаланған қарды
автокөліктер мен жаяулар қозғалысына кедергі жасамайтын орындарға жинауға рұқсат етіледі.
      36. Тұрғын үй аулаларының ішкі жағына қарды жинағанда еріген
қар суының қалай ағатынын алдын ала ескеру керек.

4. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

      37. Село аумағында тұрмыс және құрылыс қоқыстарын, өндіріс
қалдықтарын, бос ыдыстарды, ағаш кесінділерін, түскен жапырақтарды тастатуға, шығарылған қарды үюге жол берілмейді.
      38. Кәсіпорындар аулаларының ішкі жағында және жеке меншік
үйлердің маңайында қоқыстарды, жапырақтарды, бос ыдыстарды, өндіріс
және тұрмыстық қалдықтарын өртеуге, от жағуға рұқсат етілмейді.
      39. Су айдынына өндірістік кәсіпорындардан шыққан тазаланбаған суды және жеке меншік секторының ағын суларын жіберуге рұқсат етілмейді.
      40. Жалпы пайдаланатын жерлерде су алатын колонкалардың жанында мал суаруға, су айдындарында, көпшілік демалатын орындарда, тұрғын
үйлердің кіре берістерінде көліктерді жууға, тазалауға және жөндеуге рұқсат етілмейді.
      41. Топырақты, қоқысты, шашылатын құрылыс материалдарын, жеңіл ыдыстарды, жапырақтарды, кесілген ағаштарды жолдарды ластауға жол бермейтін брезентпен немесе басқа материалмен жабылмаған күйінде
тасуға рұқсат етілмейді.
      42. Көгалдарда, гүлзарларда, балалар ойнайтын алаңдарда,
ғимараттардың қақпаларына әртүрлі мақсаттарға арналған нысандарды орналастыруға рұқсат етілмейді.
      43. Көшелер, саябақ, бақтарда, стадион, мектеп жанындағы учаскелер мен басқа да қоғамдық орындарда мал, құсты бағуға рұқсат етілмейді, олар қора не аулада қамалуы тиіс, немесе даладағы табынға қосылуы керек.
      44. Шынжыр табанды трактордың көше бойымен жүруіне рұқсат етілмейді.
      45. Жергілікті атқарушы органның арнайы бекіткен жерлерінен басқа орындарға хабарландырулар, баспа, үгіттік материалдар және көрнекі ақпараттың басқа хабарламаларын орналастыруға рұқсат етілмейді. Осы
өнімдердің басқа да  жерлерге ілінуі тиісті объектінің меншікті иесінің рұқсатымен жүргізіледі.
      46. Баспалы үгіттік материалдардың шашылуына рұқсат етілмейді.

5. Қалдықтарды жинау,уақытша сақтау және шығару

      47. Үй иемдену аумағында тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін арнайы орындар болуы қажет.
      48. Вокзалдарда, базарларда, сауда үйлерінде, дүкендер, тамақтандыру орындарында (дәмхана, асхана, мейрамханаларда), саябақтарда, демалыс орындарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және басқа көпшілік пайдаланатын орындарда, көшелерде, сауда нысандарының кіре берістерінде қоқыс жәшіктері орнатылуы тиіс. Қоқыс жәшіктері бір-бірінен 40 метрден кем емес қашықтықта, аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда 10-нан 100 метрге дейінгі ара қашықтықта орнатылады.
      49. Қоқыс жәшіктерін орнату мен тазалау мемлекеттік тапсырыс келісім шартына сәйкес пайдаланушы мердігер кәсіпорындар және иелігінде немесе қолданысында аумағы бар шаруашылық субъектілері
жүргізеді.

6. Шағын сәулеттік пішіндерді күтіп ұстау

      50. Тұрғын үй ғимараттарының аумағы, қоғамдық аймақтар, бақтар, көшелер, саябақтар, алаңдар демалу үшін шағын сәулеттік пішіндермен- гүлзарлар, орындықтар, арнайы жәшіктермен, субұрқақтармен, балалардың ойындарына арналған қондырғылармен, ересек адамдардың демалуына арналған орындармен, газеттік стендтер, қоршаулармен жабдықталады.

7. Тұрғын үй аймақтарының көгалдандырылуы

      51. Тұрғын жай аумақтарына бөлінген жер учаскелерінің шегінде
төмендегі тәртіп сақталуы тиіс:
      аулаларға өздігінен түрлі шаруашылық немесе қосалқы құрылыс (гараждар және басқа) салуға жол бермеу;
      ауланың ішкі жағына құрылыс материалдарын үюге жол бермеу;
      өзінің теңгеріміндегі (шаруашылық жүргізуші немесе жедел
басқару) инженерлік желілерді қалыпты жағдайда ұстау, құдықтарды
уақытында қарап, тазарту;
      шағын сәулеттік пішіндерді, спорттық, балалардың ойын алаңдарын шаруашылық алаңдардың жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты
жағдайда ұстау, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтау.
      52. Тұрғын үйлердің аулаларында, сондай-ақ ауланың ішкі жағында рұқсат етілмейді:
      аумақты тазарту немесе апатты жағдайларды жою жұмыстарынан
басқа, сағат 23-тен сағат 6-ға дейін, тыныштық пен тәртіпті бұзатын іс-әрекет жасауға.
      жол берілмейді:
      2) ауланың ішкі жағы мен балалар алаңшасына, көгалдарға,
жүргіншілер жолына қызметтік және жеке меншік автокөлікпен кіруге,
қоюға;
      53. Тұрғын үй не басқа да құрылысы бар жеке және заңды тұлғалар жылына 2 рет (көктем және күзде) өз ғимаратын жөндеуге және аула
маңын тазалауға міндетті.
      54. Ғимарат, құрылыс, сауда орындары, дәмхана, мейрамхана,
тұрғын үйлердің иелері өз ауласынан жол жиегіне дейін тазалауын
қамтамасыз етуі қажет.

8. Апаттық жұмыстарды жүргізу

      55. Қалыпты жұмыс тәртібінің бұзылуына, не болмаса азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруге, су объектілерінің ластануына әкелетін жағдайлар жер асты және жер үсті коммуникацияларда құрылыс
өткізу барысында орын алған апаттар төтенше жағдайлар болып есептеліп, тезарада олардың қалыпты жұмыс істеуі үшін жедел шаралар
қабылдануын талап етеді.
      56. Апат болған зоналарда жер үсті не жер асты коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар апат жағдайы жөнінде ақпарат алғаннан кейін сол орынға оларға бағынысты жергілікті құрылыстар мен инженерлік коммуникациялардың орналасуы туралы мәлімет беретін арнайы сызбалармен бірге өздерінің өкілдерін жіберуге тиісті.
      57. Апатты жою жөніндегі жұмыстар жүретін жолдардың толығымен не біраз бөлігінің жабылуын талап етсе, ауданның ІІБ жол полициясы
бөлімі жолдың уақытша жабылуы, көлікті осы жолды айналып өту және апатты жою мерзімдері туралы  жедел шешім қабылдайды.
      58. Апаттық жұмыстар жүргізудің орны бекітілген түрдегі апаттық жарықтандырумен және қызыл габариттік шамдары бар қалқанмен қоршауы тиіс. Көшенің көлік жолында (магистральда) ауданның ІІБ жол полициясы бөлімімен бірлесіп қажетті жол белгілері орнатылады. Апатты жою
жұмыстарын жүргізетін тұлғалар апаттық жарықтандыру, қоршаудың
қойылуы, жол белгілерін орнату жұмыстарының толығымен аяқталуына жауап береді.
      59. Апат салдарын жою мен аумақтың көгалдандырылуын қалыпқа келтіру үшін апаттың пайда болуынан кейінгі бір күннен кем емес мерзімде жер жұмыстарының өткізілуіне рұқсат ресімделуі қажет. Жер
жұмыстарын жүргізуге рұқсатты  уақытында ресімдемеген жағдайда, бұл
жұмыстар заңсыз деп саналып, кәсіпорын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      60. Жол үсті және көркейту жұмыстарының басқа да элементтерінің бұзылуын қалпына келтіруді апаттық жұмыстар аяқталғаннан кейін инженерлік желілердің иелері лезде қолға алуы тиіс.
      61. Апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді себеп етіп жоспарлы жұмыстарды өткізуге рұқсат етілмейді.

9. Жасыл желектерді қорғау және сақтау

      62. Жасыл желектер жалпыхалықтық байлық, селоның көркі және маңызды сауықтыру факторы болып табылады. Оларды сақтау және ұстау - әр жеке және заңды тұлғаның міндеті.
      63. Жасыл желектердің ағымдық ұсталуы мен сақталуы аумақтары бекітілген жер пайдаланушылар, заңды және жеке тұлғаларға жүктеледі:
      1. көшелерде тұрғын үйлерден жүретін жолға дейін – пәтер иелеріне, тұрғын үй қорының иелеріне;
      2. жалпы пайдаланудағы объектілерде (бақтар, саябақтар, аллеялар және т.б.) және көше бойымен тротуарға дейін – аудандық бюджет есебінен келісім негізінде жұмыстарды атқарушы кәсіпорындарға;
      3. өндірістік кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер және әр түрлі меншіктегі басқа объектілердің аумағында, сонымен қатар соған жататын аумақтарда – кәсіпорындар басшылары мен осы объектілердің иелеріне;
      4. құрылысқа бекітілген аумақта жұмыс басталған уақыттан – тапсырыс беруші немесе оның сенім хаты бойынша – құрылыс мекемесінің бас мердігершісі.
      64. Құрылыс, жер асты коммуникациялар және инженерлік
желілердің жолында тұрған жасыл желектердің кесілуі кесуге рұқсат беретін құжаттың болуы кезінде ғана жүргізіледі.
      65. Жұмыстарды жүргізу барысында мыналарды жасау қажет:
      1. жасыл желектерді зақым келтіруден сақтау;
      2. аудандық және селолық жолдарға, тротуарларға, алаңдарға асфальт төсеу барысында ағаш діңін айнала диаметрі бір метрден кем емес орын қалдыру;
      3. жасыл желектерді ұстау, соның ішінде:
      көң-қоқыстан тазалау, құрғақ жапырақтарды жинау, бұтақтарды кестіру, көгалдарды қырқу, арам-шөптерді жұлу;
      ағаштардың діңдерін ағарту;
      жасыл желектерді, көгалдар мен гүлзарларды суару;
      кеуіп, сынып қалған ағаштарды, бұтақтарды кесу;
      ағаштарды, бұтақтарды қайта өсіру (мамандардың кеңесі бойынша);
      кепкен және «ауырған» ағаштарды алып тастау (комиссияның актісі бойынша);
      өз күші есебінен немесе келісім бойынша өсімдіктерді қорғау станциясымен жүйелі түрде ауыл шаруашылық зиянкестер және аурулар, карантиндік арам-шөптермен күрес жүргізу.
      Саябақтар, көгалдар және жасыл желектердің басқа да орындарында көлік құралдарының тұруына рұқсат етілмейді.
      Тұрғын үй, саябақтар мен бақтарда жапырақтарды жағуға болмайды.
      66. Жасыл желектер өскен жерде төмендегі жұмыстарды жүргізуге болмайды:
      1. құрылыс материалдары, топырақ, ағаш, көмір және басқа да заттарды үюге;
      2. көгал, гүлзарлар, ағаш діңі айналасындағы ұяшықтарға көң-
қоқыс тастауға;
      3. көгалды басуға, ағаштар, бұтақтарды сындыруға және кесуге, басқа да механикалық зиян келтіруге;
      4. өз бетімен ағаштарды және бұтақтарды кесуге;
      5. қоршау жасауға, гүлдерді жұлуға, көп жылдық гүлдерді жұлып тастауға;
      6. гүлзарлар мен көгалдарда автомотокөлікті қоюға;
      7. жапырақтарды жағуға, көгалдарда көкөніс егуге, ағаштарға сымдар, баулар, әткеншек, жарнама мен белгілерді ілуге, бау-бақша
мүлкін бұзуға;
      8. жалпы пайдаланудағы жерлерде мал, құс бағуға, иттерді
шығаруға;
      9. көгалдар мен гүлзарларда құйма немесе цемент қосындысын дайындауға.

10. Селоның санитарлық тазалығы, көгалдандыруы, тазалау жағдайын бақылау бойынша өкілетті және мемлекеттік органдардың міндеттері

      67. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Ереженің сақталуын бақылауды қоршаған ортаны қорғау, ішкі істер, сәулет-
құрылыс, өртке қарсы және санитарлық қадағалау органдары өз
өкілеттіктері шегінде жүргізеді.
      68. Функционалдық міндеттерге сәйкес селоны көгалдандыру
жағдайына жалпы бақылауды, мемлекеттік қадағалау органдарының  комиссиялық тексерістерін үйлестіруге бақылауды уәкілетті орган
жүзеге асырады.

11. Жеке және заңды тұлғалардың Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілігі

      69. Осы Ережелерді бұзғандары үшін жеке және заңды тұлғалар
Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жауапқа тартылады.
      Әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес келтірілген материалдық шығынды өтеу міндетінен және жасалған бұзушылықтарды
қалпына келтіруден босатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады