1. Ауданның мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйлерде тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метріне 36,65 (отыз алты теңге алпыс бес тиын) теңге мөлшерінде төлемдердің көлемі белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 28.10.2014 N 310 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.М. Бейсембинге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Уәхитов |